Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ГЕНРИ ЛЮ: «ҚАЗАҚСТАНДЫ ЕКІ ЕСЕ БАЙ ЕТЕ АЛАМЫН»
Жаңалықтар

ГЕНРИ ЛЮ: «ҚАЗАҚСТАНДЫ ЕКІ ЕСЕ БАЙ ЕТЕ АЛАМЫН»

01/05/20142

Осыдан 2 жыл бұрын «Мегаполис» газетіне сұхбат берген қытай экономисі Генри Лю (суретте) осындай пікір білдірді. «Егер Қазақстан үкіметі менің ұсынысыма қызығушылық танытса, – деді ол, – жағдайды 4-5 айдың ішінде оңалтуға болады. Өйткені Қазақстан шағын мемлекет, оның жүйесін басқару оңай. Сондықтан бір жылдан кейін ЖІӨ-ді 2 есе арттыруға толық мүмкіндік бар. Ал мен өз еңбегім үшін көп ақы сұрамаймын. Тек екі еселенген байлықтарыңыздың 5 пайызын берсеңіздер болды».

Экономистің сөзінше, Қазақстан экономикасын көтерудің бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі – елдегі мұнайды теңгемен сату. Нәтижесінде мемлекеттің долларға тәуелділігі төмендейді. Ол мұндай кеңесті кезінде Қытай үкіметіне бергенін, қытайлар қазіргі уақытта сыртқы сауданы төл валюталары – юаньмен жүргізуге көшіп жатқанын айтады.

«Мен антиамерикандық емеспін – дейді Генри Лю. – Америкалықтар қазір мұнайларыңызды доллармен сатып алып жатыр. Егер «қара алтынды» теңгемен сатсаңыздар, олардың активтері сіздердің қолдарыңызға өтеді. Неліктен? Себебі олар мұнайдан бұрын сіздерден теңгені сатып алады. Ал теңгенің валюталық курсы Қазақстан Ұлттық банкінің қолында».

Генри Людің айтуынша, басқа мемлекеттер де Қазақстанның теңгесін сатып ала бастайды, өйткені теңге оларға мұнай сатып алу үшін керек. Осындай қадамдарға бару арқылы елдің ішкі дамуын, валюта нарығындағы позициясын нығайтуға болады. Ал егер теңге халыққа жетпей жатса, оны көп қылып эмиссиялауға (басып шығаруға) мемлекет құқылы, өйткені төлем жеткіліксіз болып жатса, америкалықтар да долларды басып шығара береді.

Генри Лю – Рокфеллер жанұясының және Нью-Йорк мэрінің кеңесшісі болған. Лос-Анджелес қаласының даму жобасын жасаушы. Соңғы 20 жыл бойы Қытай үкіметінің экономиканы дамыту жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс жасап келе жатыр.

Алайда қытай экономисінің ұсынысы біздің тараптан қолдау таппады. Қазақстанның 2013 жылғы ЖІӨ 2012 жылмен салыстырғанда 6 пайызға ғана өскен. Ал 2014 жылғы өсу көрсеткіші 7 пайызды құрайды деп күтілуде.

Бейбіт Нәлібаев    businessnews.kz

Асылхан Мамашұлы

Соңғы 20 жыл Қытай үкіметінің экономиканы дамыту жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істейтін Генри Лю деген экономист «Қазақстан ұсынысыма қызығушылық танытса, 4-5 айдың ішінде жағдайын түзеп, жалпы ішкі өнімін бір жылда екі есе көбейтіп берем» депті. Біліп отыр ғой бұл Қазақстанда ақша шашылып жатқанын.

Еңбегіне көп ақы сұрамайды екен. Тек әлгі екі есе көбейген байлықтың 5 пайызын берсең болды. Қазақстан көне ме оған? Бес пайызды беріп ай қарап отырамыз ба?:)

Генри Лю сияқты экономист болмасам да егер билік менің ұсынысымды тыңдаса бір жылда жалпы ішкі өнімді үш есе көбейтіп, үш жылда халықтың 90 пайызының тұрғын-үй мәселесін шешіп берер едім. Ақысына ештеңе алмаймын. Тегін:)

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҮрімжі вокзалында жарылыс болды
Next Article Бipлік күнімен!

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.