Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»ӘСКЕРИ ШЕРУ: ӘЛДЕКІМГЕ БІЛЕК КӨРСЕТТІК…
Қоғам

ӘСКЕРИ ШЕРУ: ӘЛДЕКІМГЕ БІЛЕК КӨРСЕТТІК…

08/05/20140

7 мамыр былтыр елбасының жарлығымен мемлекеттік мерекелер қатарына ілікті. Бұл шешімнің – саяси сипаты басым, өз армиясы мен оның құрылған күнін арнайы мемлекеттік мереке ретінде тұту, басқа елдің армиясына жүгінбеудің бір мегземі, көрсеткіші.

Әрине, Ресей тарапынан Қазақ даласын қорғауды сылтауратып, оның шекарасын не әуе кеңістігін ортақ әскери кеңістікке айналдырудың неше алуан қитұрқысы ұсынылуда. Әзірге бұлқынудамыз…

Оған дәйек кеше ғана өткен әскери шеру. Бұл жолы халық тарапынан қазақ әскеріне деген ынта ерекше болды. Кейбір сарапшылардың пікірінше 100 мыңға тарта астаналықтар мен қонақтар Қазақ елі алаңына, Тәуелсіздік даңғылына жиналған. Жеңіл көліктердің ұзын саны бірнеше мыңға таяп, сол маңайдың қуыс-қолтығын толтырды.

7 мамыр — халық пен әскер біріккен күнге айналды. Жұрт әскери техникаға қызыға қарап, сарбаздармен бірге фотоға түсіп жатты…

Шеру жинақы, ұйымшылдықпен өтті. Адуын желдің ұйытқысы жиналғандардың біршама күдігін келтіргенімен, ұшақтардың ұшысына кедергі болған жоқ, керісінше аспанда жадыраған күн, ауада ескен самал ондаған ауыр әскери техника отынының иісін лезде аластап тұрды.

Әскер басылары түгелімен қазақтанғаны алаңға жиналған біршама қазақ емес жандарға ғана емес, әлемге аян етілді. Демек, әскери мамандар қазақтандырылу сатысына өтті деген сөз. Ол сатыдан өтіп қоймай, аса биік ұшу деңгейін аспанға Бәйтерек бейнесін сызған әскери  ұшқыштардың шеберлігі көрсетті. Халық пен әскер бір бірімен осылай табысты: мыңдап жиналған жұрт  әскерге үлкен міндет пен жауап жүктесе, әскер өз тарапынан біршама күдікті сейілтті. Ентелеген әлдекімге білек көрсетіп, ішкі-сыртқы арандатуға әзір екенімізді байқатты.

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕрлердің ісі бітер ме?!
Next Article Ақмырзаның аманаты немесе қайырымды фашист

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.