Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

09/05/20141
Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатыстыШараға соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдар басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың рухына тағзым етуге жиналған елорда тұрғындары қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Мәңгілік алау жанына Даңқ гүл тізбегін әкеліп қойды, содан соң бір минут үнсіздік жарияланды.

Қазақстан Президенті – ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының және ардагерлердің алдынан Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауыл ротасы салтанатты маршпен шеру тартып өтті.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң Нұрсұлтан Назарбаев арнайы тігілген шатырлар қалашығында ардагерлермен әңгімелесті. Мемлекет басшысы оларды және барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

– Жеңіс күні – Ұлы мереке. Әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, болашаққа сеніммен қарап отырмыз. Қасиетті топырағымыздың бір миллион сегіз жүз мыңнан астам ұлдары мен қыздары шайқасты. Миллиондаған адам бәрін де майдан үшін, бәрін де жеңіс үшін беріп, бел шешпей еңбек етті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ардагерлердің тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық, ерлік және бауырластық тәрізді ұлағатты ұғымдармен байланысты Жеңіс күнін әрдайым есте сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне мемлекеттің қажетті жағдайды жасап, әлеуметтік қолдау көрсетіп отырғанына да назар аударды.

– Бағалап, құрметтей отырып, олардан ерлік, еңбексүйгіштік және бірлікке бекемдікті үйренген жөн. Келесі жылы Жеңістің 70 жылдығын бірлесе атап өту үшін олар қасымызда аман-сау жүрсін, – деді Қазақстан Президенті

Соңында Мемлекет басшысы ардагерлерге зор денсаулық, мол бақыт және еліміздің аспаны ашық болуын тіледі.

akorda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҰлы Британиямен сын сағатта талай мәрте өздерімен бірге бір саптан табылған гурхтар
Next Article «Жас азамат» жастар ұйымының ұйытқы болуымен Астана мұсылмандар зираттығында Кенесары ханның Ақмола бекінісін талқандауы кезінде шейт болған сарбаздары мен алаш арысы Сымағұл Сәдуақасұлыныңрухынақұран бағышталады.

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.