Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан Республикасының премер-министрі Кәрім Мәсімов мырзаға! (ашық хат)
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының премер-министрі Кәрім Мәсімов мырзаға! (ашық хат)

12/05/20140
Қазақстан Республикасының премер-министрі

Оралмандарға азаматтық берудегі тосқауылдар

неге тоқтатылмайды

Қазақстан Республикасының премер-министрі

Кәрім Мәсімов мырзаға!

(ашық хат)

Қазақ елі, тәуелсіздік алған сонау 1990 жылдардан бастап, әлемнің 40-қа тарта елінде тұрып жатқан 5 млн.нан астам өз қандастарын ата жұртына шақырта бастады, сөйтіп елдің абыройы асқақтады. Сырта жүрген қандастарымыздың елге оралуына үлкен демеу болды.

Тәуелсіздік алған 23 жылда, қазақ еліне 1 млн.дай қандасымыз оралды, олар қазір қазақ елінің толық қанды азаматы ретінде түрлі салада өз үлестерін қосып жатыр. Қазіргі, 21 ғасыр жаһандану заманында ұлт болып ұйысудың қажеті туып-ақ тұр, бұған мысал: көршіміз Ресей мен Украинаның ортасындағы халықаралық шиеленісті жағдай.Ал, жер шары картасында 9 орын иелейтін ұлан-байтақ территориямызды қорғап қалуға қазіргі 17 млан жансанымыз аздық етеді, сондықтан да жат жұрттағы 5 млн.нан астам елім деп еңіреген, ұлттық ассимелисияға ұшыраудың аз-ақ алдында тұрған, ұлтжанды қандастарымызды ата-жұртына көптеп тартуымыз керек деп білеміз.

Құрметті, Кәрім Қажымқанұлы! Қандастарымызды отанына оралту ісі, бастапқыда үй беру, квота беру, жер телімдерін беру, қазақстан азаматтығын барынша жеңілдетілген тәсілмен берудей тиімді амалдар арқылы сәтті жүзеге асып келді. Соңғы кездерде, түрлі кедергілер пайда бола бастады, тіпті азаматтық алу 4 жылға дейін ұзартылды. Сәуірдің 22-сі күні ҚР президенті жаныда ОКҚ Брифингі барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ханым: «Шеттен келетін ағайындарға 1 жылда азаматтық беріп, еліміздің кез-келген аймағына көшіп келуіне тең жағдай жасалатынын, еңбек күші жетіспейтін 7 облысқа барғандарға әлеуметтік көмек болатындығын, әрі тұрғын үйлер 5 жылға жалға беріліп, 5 жылдан соң үй иесінің атына аударылып берілетіндігін» қадап айтты. Бұл шешім, күллі қазақ болып қуанарлық әрі құптарлық жайт. Сөйте тұрса да, қандастарымыздан ҚР түрақты тіркеуге түруда тіркелетін үй табу әрі басқа толып жатқан қағаздарды талап етіп ғана қоймай , азаматтыққа және ықтияр хатқа құжат жинау барысында төмендегідей ақылға сыйымсыз қағаздар талап етіледі.

1)    Тұрғылықты еліңнен сотталмаған деген қағаз (Қытайда сотталғандарды шетелге шығармайды).

2)    Тұрғылықты елінің тұрақты тіркеуінен, шықты деген қағаз (Қытайда, ҚР азаматтығын көрмей шығармайды).

3)    Қазақстандағы Қытай елшілігінен: Оралманның азаматтық алуын мақұлдау қағазы (Біз азаматтық беруді басқа бір елдің консулының құзырына өткізіп қойғандаймыз).

4)    Оралманды — тұрақты тіркеуге алуда және оралман куәлігін беруде әрі азаматтыққа құжат жинауда басқа елдің заңына қайшы, жоғарыдағыдай қисынсыз құжаттар талап етіледі.( ресейде азаматық берудегі ең үлкен талап орыс тілін білу ғана, ал азаматық бір айда ғана беріледі)

Осындай, қолдан жасалып отырған қиындықтарды тездетіп жойсаңыздар.

Сізден тағы өтінеріміз:

  • Азаматтық алу үшін, алдымен ықтияр хат сонан соң қазақ куәлігін алу деген сөз тағыда қағаз бастылықты көбейту болып табылады, неге тікелей азаматтық алмасқа? Ықтияр хат азаматтық алатындарға не керек. Бұл артық жұмыс.
  • Қандастарымызға азаматтық әуелгідеу неге 3 айда берілмеске? Тағыда 1 жыл байқап көреміз дегені не? Бұлда артық жұмыс.
  • Азаматтыққа құжат жинауды облыс, аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырса, өйткені бұл орган жүйеге келген, сосын көші-қон полициясына өткізілсе. Бұл органның жұмыс істеу әдісі дұрыс емес. Кедергілерді өте көп жасайды. Оралман қауымы әбден мезі болған.
  • Жақындағы жылдардан бері оралман студенттердің саны күрт азаюда, бұрын олар өздері оқып жатқан университет жатақханаларына тіркеліп, сол орыннан ҚР азаматтығын алып шығатын, сөйтіп олардың қазақстанда қалып жұмыс істеуіне мүмкіндік жаратылған. Ал, қазір мүлде басқаша, азаматтық алалмайды, азаматтығы болмаған соң, тұрақты тіркеуі болмайды әрі жұмыс таба алмайды. Соңында келген еліне кері қайтуына тура келеді. Неге мұны жөнге келтірмеске?

Жалпы алғанда, ҚР үкіметінің жанынан оралмандарды отанына бейімдеу әрі оралман көші-қонын реттеп отыратын арнайы көші-қон агенттігі керек деп білеміз. Қандастарымыздың ҚР азаматтығын алудағы жоғарыдағыдай қиыншылықтар мен олардың елге оралуына жасалып отырған түрлі кедергілерді жоюға тек өзіңіздің, тікілей араласып пәрмен беруіңіз ғана қажет болып тұр. Сонда ғана оралман көші көлікті болары хақ.

 

«Отандас-ел» республикалық қоғамдық бірлестігінің

бас хатшысы: Қайрат Байтолла ұлы

 

06.04.2014 жыл

kerey.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОралман Қазақтар 3 айда Қазақстан азаматтығына қол жеткізе алады.
Next Article ЕР ЖӘНІБЕК БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ (деректі фильм)

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.