«Қайғысы – азық, ермегі – шер болған» қазақ баласының қилы-қилы тарихын көзімен көріп, үркін-қорқын заман бейнесі көкірегіне шер болып қатқан қариялардың жер басып жүрген уақыты білген кісіге – бардың соңы, жоқтың басы. Ертең естелік терезелерінен сығалап, еміс-еміс өткенді еске алғанымызда – ұтқанымыз бен ұтылғанымыздың нарқы мен парқы талғамның таразысына өзі-ақ тартылып тұрар.
Оралханша ойланғанда «неге біз осы» бейғам да, бейтараппыз… Осы ойдың құшағына сіңіп, сылбыр уақытымызды сілкіп, сілкіп қалғанымызда Уақап Қыдырханұлының сексеннің сеңгіріне аяқ басқаны санамызға сап етті. «Әңгімелесіп қайтайыншы…». Ойымыз алдамапты. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Зайсан қаласының Құрметті азаматы Уақап Қарияның әңгімесінен айызымыз қанып қайтты…

– Аға, сексенге келген бар, келмеген бар, біраз өмір ғой. Әңгімені сонау тарих қойнауына сіңіп бара жатқан дәуірлерден бастасаңыз…
– Айналайын, біз көп нәрсені бастан кешкен адамдармыз. Менің тағдырым, өмір жолым күрделі. 1932 жылы Зайсанда туыппын. Небары төрт айлығымда шекара асыппын. Былайша айтқанда маған туған жердің тал бесігі бұйырмапты. Отанға, елге деген сағыныш сәбиімізден санамызға сіңді, жүрегімізді шымырлатты. Жиырма үш жылым арғы бетте өтті. Әкем әжептәуір оқымысты адам болған. Баяғыда 1904-1907 жылдары Міржақып Дулатов Зайсанға келіп, бала оқытқанда, сол кісіден сабақ алыпты. Медресе тауысқан. Совет өкіметі орнаған кезде ол кісі ел де басқарған. Кейін аға-бауырлары тап жауы саналып, оның үстіне 1932 жылғы аштықта арғы бетке үдере көшкен елді ұйымдастырушы саналған әкемді тұтқындайды. Әкемді Зайсанға жеткізбей, атқораға қамап қойған жерінен 16 жастағы ұлы ұрлап алып шығып, арғы бетке өте шығады. Ол кезде мен іштегі бала екенмін. Әкеміз арғы бетке өтіп кеткесін бізді тыныш қоя ма, шешемізге маза бермей, күнде тексереді екен. Жарықтық мені өмірге әкелгенде тау арасындағы бір малшының үйінде босаныпты. Көктем шыға әкеміз бізді де арғы бетке өткізіп алыпты. Сонымен біраз ғұмырымыз сол жақта өтті. Абайдың:
«Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?», –
дейтіні бар ғой, сол секілді біз балалықты арғы бетте арулап көмдік. Жігіттік шақтың да біразын арғы бетте өткіздік. Үркін-қорқында Зайсанға жақын Қазының Көктоғайы (арғы бетте) деген жерге көшіп барғанбыз. 1945 жылы Шығыс Түркістан үкіметі құрылғанда Алтайға табан тіредік. Кейін Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деген мектептен білім алдым. Несін айтасың, Оксфордте оқып келгендей болушы едік. 1950 жылдары Алтайға қайтып келіп, қазақ орта мектебін аштық. Кейін Үрімжіге барып, партия мектебін бітіріп, «Шыңжаң» газетінде, Шыңжаң халық радиосында қазақ бөлімін құрып, әрі редакторлық жұмыстар атқардым. 1955 жылы 23 жасымда алғашқылардың бірі болып, атажұртқа қоныс аудардық. Әкелеріміз оқымысты адам болды. Мені бес жасымда медресеге берді. Төрт жылдық дін оқуымен кейін гимназияға оқуға түстім. Ол кезде гимназия жетінші сыныптан кейін қабылдайтын.
– Сол кездегі Алтайдағы қазақ ағартуы жайлы кеңірек тоқтала кетсеңіз.
– Ол кезде Алтайды мекендеген қаймағы бұзылмаған, феодализммен өмір сүріп жатқан жалпақ ел еді ғой. Малдан басқа тіршілікпен айналыса да бермейтін. Ол халықтың сауаты шамалы болатыны белгілі. Сол халыққа көп пайдасы тиген көкшетаулық Сейтқазы Нұртаев деген азамат болған. 1909 жылы ол кісіні Абайдың ауылында жүргенде Мәми бейсі шақыртып алады. Сейтқазы 1936 жылға дейін Алтайда ағартушылықпен айналысады. Көп зиялылар, оқымыстылар Сейтқазыдан сабақ алды. Отызыншы жылдары осы жақтан барған интеллигенттердің барлығы Алтайға барып тиянақтады. Мысалы, Шәкәрімнің Зияты, Ережеп Әбдікәрім болыстың Мәскеуден, Ленинградтан Әуезовтермен бірге оқып келген балалары Қамбар Шабдановтардың Алтай қазақтарын ағартуға үлестері зор болды. 1936 жылдары Шәріпхан Көгедей бастаған ұлт зиялылары мектеп ашып, медресе салдырды. Шәріпхан – ханның тұқымы, ұлт зиялысы. Ол кісі Алтайды ғана емес, арғы беттегі мұқым қазаққа шарапаты тиген адам. Үрімжіде де қазақ-қырғыз мектебін ашты. Ұлт үшін құрбан болды. Қырқыншы жылдары Үрімжі түрмесінде қинаумен өлтірілді. Шәріпханның қазасын естіген анасының сай-сүйекті сырқырататын:
«Ойласам алтын Алтай оралда жоқ,
Ақ иық ұшарда бар, қонарда жоқ.
Көңілімді қалай ғана жұбатармын,
Болмаса құба балшық молаң да жоқ», – деп келетін зары ел ішінде айтылып жүретін. Ұлы адам ғой.
Бұл әңгімеден оған дейін ол жақта білімді адам болмады деген түсінік тумауы керек. Бір Мәмидің өзін айт. Мәмиді – елдің ақылы, Оспанды – елдің қайраты деп есептейтін жұрт. Ақыт қажы, осы жақтан барған Арғынбек Апашбайлар ғұламаның өзі еді. Ғаббас деген мүфти болды. Ұлты башһұрт болуы керек. Өте ірі тұлға. Еуропада, Иранда, Түркияда, Каирде ілім алған. Араб, парсы, француз, орыс, қытай тілдерін білген. Сурет өнерін де жетік меңгерген. Оның бүкіл идеясы – қызыл үкіметке қарсы. Дінді жояды, азғындыққа апарады деп, осы жақта болсын, арғы бетте болсын күресіп өткен. Совет өкіметі орнаған соң, 1926 жылы Зайсан арқылы арғы бетке өткен. Алтайда бала оқытып жүріп, Оспан батырды табады. Оспанның өзі де өте діндар адам. Ғаббасты әрі молдасы, әрі ақылшы, серігі қылған. Тілге жетік қой, Оспанның Америка, Франция, Қытай өкіметтерімен болған келіссөздерінде маңызды роль атқарған деп айтады.
– Айтпақшы, сіз Құран-Кәрімнің тәржімасын жасадыңыз. Сол туралы да айта кетсеңіз. Бұрынғы қазақ пен қазіргі қазақ мұсылмандығы туралы не айтасыз?
– Сөздің басында айтқанымдай төрт жыл медреседе оқыдым. Жеті жасымда намазға жығылдым. Сол төрт жылда арабтың хадимін де, жәдитін де, төте жазуын да игердім. Төрт жылда Құранды төрт рет тәпсірімен аударып шықтым. Ол кезде қара танитындардың бәрі Құран мағынасын білетін. 1988 жылы Түркиядан Халифа Алтайдан Құран аудармасының қолжазбасы келді. Сонша еңбектенгені көрініп тұр, жылап жібердім. Кейбір сөз, сөйлемдерін түзетіп, бастан-аяқ қарап жатқан уақытымда «аударып көрсең» деген өзіме де ұсыныс түсті. Өзбекәлі Жәнібек қасыма мүфти Ратбек қажыны қосып берді. Бұрынғыдай емес арабшаны да ұмыта бастағам, тәпсірімен салыстырып жүріп біраз еңбек етуге тура келді… Мен 1999 жылы қытайға бардым. Сол жолы Құранның Қазез Ақытұлы аударған нұсқасын, ұйғырша аудармасын да ала келдім. Өзім аударған нұсқамен салыстырып көрдім. Еркін аударылғаны ең үлкен ұқсастығы болды. Алланың әмірінсіз ештеңе болмайды ғой, бұ да болса Жасағанның маған берген сыйы. Дініңіз де, диаспораңыз да тәуелсіздікпен бірге келіп жатыр…
Бұрынғы қазақтың таза мұсылмандығынан көз жазып қалдық па екен деп ойлаймын кейде. Мұсылмандық – жүректің шаруасы. Осы дін бізге кім арқылы жетті? Әрине, ата-бабамыз арқылы жетті. Сол ата-бабамыздың барлығы діни оқу орнын бітірмеген. «Ала қойдың кеудесі, қара қойдың кеудесі. Мен Құдайдың пендесі» деп те намаз оқыған қазақ болған. Сол адамдардың Жаратушыға сенімі, дінге беріктігі бізден әлде- қайда артық. Ол – таза сенім, Алланы таза тану. Бізге сол жетіспейді-ау! Дін мен ғылымды дұрыс сабақтастырып ұға алмай жүрміз. Әйтпесе, бүкіл ғылымыңыз Құранда тұр. Құранда айтылмаған нәрсе жоқ, бәрі айтылған. Құран – Хақ Тағаланың жерге жіберген жолдамасы, Жер бетінің Конституциясы. Діннің мәселесі жүрекке байланысты. Дінсіз адам – дыңсыз жапырақ, дымсыз топырақ. Сенімі, нанымы жоғалған адамнан ештеңе шықпайды.
– Алғаш көпшілік қауым жылы қабылдаған шығармаларыңыз туралы тоқтала кетсеңіз…
– Шамамызша, қадари халімізше қалам тарттық. Өмірімнің көбін қазақ баспасөзіне қызмет етуге арнаппын. Алпысыншы жылдары «Жол басы» деген жинақ шықты. Сол жинаққа қазақ әдебиетінің біраз мықтылары, бүгін алты Алашқа аты мәшһүр қаламгерлердің шығармалары топтастырылды. Айталық, Шерхан Мұртаза, Сәкен Жүнісов дегендей. Бұл кітапқа менің «Ант» деген повесім кірді. Ол шығармада біздің бүкіл ауылды қанға бөктіріп, жиырма үш адамның басын жұтқан қанды қырғын мен ол қырғыннан қашып шыққан он бір адамның (соның бірі өзіммін) тағдыры, тауқыметі баяндалады. Көз алдымда болған қанды қасапты қаз-қалпында хатқа түсірдім. Шерлі шежіре еді. Бұл оқиға 1945 жылы болды. Ол кезде біздің ауыл Ертістің Қазақстанмен шекараласатын түкпірінде отырды. Ішкерлеп Алтайдың Сауырына көшпекші болып отырғанда, бір жансыз барып Алтайдың Қабасындағы Гоминдаң әскерлеріне хабар береді. Оның құрамында баяғыда осы жақтан қашып барған ақтар да бар. Гоминдаң үкіметі оларды жалдамалы баскесер армия қып ұстап отырған. Сол армияны жібереді біздің ауылға. Оның бастығы біздің Шәміл деген атамызбен Зайсанда жүргенде ұстасып, қастасып, тісін басып жүрген қанпезер екен, ауылымызға ақырзаман орнатады. Ішінде үш баласы бар он бір-ақ адам аман қалыппыз. Биыл жазда сол бейбақтардың басына барып, Құран оқып, белгітас қойып келдім. «Жол басыдағы» жарияланған шығармалардың ішінде әдебиетшілеріміз Шерханды, мені, тағы бірнеше жазушының дүниелеріне жақсы пікірлерін айтты. Кейін де біраз шығармалар жаздым. Уақытымның көбін журналистикаға арнадым. Дегенмен де жеті, сегіз кітап жаздым.
– Қазақтың образды сөзін білетін адамдардың қатары жыл өткен сайын сиреп бара жатыр. Мұның әдебиетке ықпалы қалай болады енді?
– Жазушылық тілге байланысты нәрсе. Тіл жоқ жерде жазушы жоқ. Образ жасайтын – тіл. Менің алғаш жазған, сызғандарымның әдебиетшілеріміздің назарына ілігуінің себебі, қазақтың қара сөзін шамамша игере алғандығымда болды-ау деп ойлаймын. Қазақта сөздің түрі көп. Образды сөйлеу, толқып сөйлеу, тебіреніп сөйлеу, мұңайып сөйлеу, екпіндеп сөйлеу, тұспалдап сөйлеу дегеннің бәріне қазақтың тілі жетіп тұрды ғой. Алпысыншы жылы әдебиетке келген кісілердің барлығы дарынды адамдар еді. Ол жазушылардың тіл саптасы мен ойлау мәнерін, образ жасауын қазіргі жазушылардан таба алмайсың. Әрине, өмір болғаннан кейін өзгерістер де болады. Өткен күннің тұрмыс, тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, саяси ақуалы басқа. Қазір басқа. Ол кездегі тіл мәдениеті мен қазіргі тіл мәдениетінің парқы жер мен көктей. Бұл күнде көбінде саяси тілмен, сөзді астарлап, кекесін, мұқасынға қарай бұра сөйлеу көп кездесіп жатады. Баба тілінің бағзы қуаты қайда қазір? Өлімге көңіл айтқанының өзі үлкен әдебиет еді. Әсет Найманбайұлы Мәми бейсі қайтыс болғанда:
«Қолу Инна илаһа ражиғұн,
Өмірден ұшып кетті бір ақ тұйғын.
Үстінде алтын тұғыр сайрайтұғын,
Қыран ед гауһар жуған жал, құйрығын.
Қазаға сабыр сақта қалың Керей,
Ешкім де тоқтата алмас Хақ бұйрығын.Би еді Құдай өзі қойған сайлап,
Жүруші ед разы ғып жұртын жайлап.
Бұл елдің адасқанда тиянағы,
Ақылдың бастауы еді жатқан қайнап.

Зор панар адасқанның шамшысы еді,
Шабанның қасиетті қамшысы еді.
Аузы – төс,
тілі – балға,
тісі – қысқаш,
Наданның мінін қияр қайшысы еді.
Керейдің малын бақпай, халқын баққан,
Әрі би, әрі бейсі, жалшысы еді.
Шөлдегендер құмарын қандыратын,
Рахыматілік жаңбырының тамшысы еді», – дейді. Қандай керемет сөздер! Тұтас өмір, тіршілігі әдебиетпен астасып жататын халықтың бүгінгі жай-күйі қандай болды? Қайда бара жатырмыз? Қазақтың сұлу жанына түскен сызаттың, дерттің дауасы бар ма? Мәселенің үлкені – осы…
– Сыр-сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Ырысбек Дәбей. «Қазақ әдебиеті»