BAQ.KZ — Соңғы он жылда Астана қаласындағы халық саны 62 пайызға артып, 825,4 мың адамға жетті. Бұл туралы бүгiн ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы Әлихан Смайылов мәлiмдедi.
Агенттік төрағасының айтуынша, олардың 398 мыңы ер азаматтар болса, 426 мыңын әйелдерді құрайды екен.
«2004 жылдың 1 қаңтарында Астана қаласы тұрғындарының саны 510 мың адамды құраған едi»,-деді Әлихан Асханұлы.




