Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Ер Жәнібек батыр асы басталды
Жаңалықтар

Ер Жәнібек батыр асы басталды

22/06/20140

Қалбатау.21 маусым.kerey.kz — Бүгін қазақтың ұлы батырларының бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған ас басталды. ас 21-22 маусым аралығында өтеді.
Қазақ халқының тарихнамасы бойынша Бердәулетұлы Жәнібек 1714 жылы Сыр бойында туған.

Ер Жәнібек – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян, т.б. баһадүрлермен үзеңгілес тұлға. Абылай ханның бас батырларының бірі ретінде халық жадында терең зерделенген, ауыз әдебиеті үлгілерінде көп кейіптелген тарихи тұлға. Ер Жәнібектің өмірі мен ерлігі жайында ел аузында бірнеше толғау, дастандар мен аңыз-әфсаналар сақталған. Солардың ең көлемдісі Қытай қазақтарының рухани көсемі Ақыт қажы Үлімжіұлының “Жәнібек батыр” дастаны. Бұл дастан ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек әдебиеттер мен қолжазбалар қорында сақталып, кейіннен қадым жазуынан қазіргі кириллица әрпіне түсіріліп, “Бабалар сөзі” жинағы мен ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі жарыққа шығарған “Қазақтың батырлық жырлары” антологиясына енген. Батыр жайында Бұқар жырау, Үмбетей жыраулардың жыр-толғаулары мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбалары біздің заманға жеткен.

Шежіре жөнімен таратса, Ер Жәнібектің үлкен нағашысы атақты Қаздауысты Қазыбек би, өз нағашысы Сарыүйсін Досымбет батыр. Өзі Абайдың атасы Өскенбайдың туған нағашысы. Өскенбайдың Ермек есімді анасы Ер Жәнібекктің қызы. Аңыздың айтуынша, Керей елінің туын Ер Жәнібекке Қожаберген батыр-жырау аманаттаған деседі.

Ер Жәнібек 1792 жылы 78 жасында дүние салып, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ ауылы маңына жерленген. 2010 жылы ұрпақтары ас беріп, басына кесене-ескерткіш тұрғызды.

Аруағыңа болысқан,

Әділ билік қылысқан.

Қашпаған қандай ұрыстан,

Керейде батыр Жәнібек,

Қаз дауысты Қазыбек,

Қу дауысты Құттыбай,

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Абылай сенің тұсыңда

Сол бесеуі болыпты-ай,

Кейі батыр, кейі би,

Тәңірім берген сондай сый…

Үмбетей жырау

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӘдебиет және өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды
Next Article Ер Жәнібек туралы деректер қазақ тіліне аударылады

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.