Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Керей – Теңіз көлі алабындағы өзен. Қарағанды облысы Нұра ауданының батысынан ағып өтеді.
Бастауын Ұлытаудың солтүстігіндегі Желдіадыр тауының солтүстік беткейінен алады. Керей көліне шығысынан құяды. Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 3490 км². Негізгі салалары: Талсай, Қарасу, Басыақтұма. Жайылмасының ені 50 – 300 м, иректеліп келетін арнасының ортаңғы, төменгі ағыстарындағы ені 30 – 40 м. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы сағасында 0,55 м³/с. Суы ауыз су ретінде, жайылымдарды суландыруға, мал суаруға жарамды. Алабында жайылмасын көлдете суғару үшін салынған бөгеттер (жалпы су көл. 1,23 млн. м3) бар.[1]


