Керей– Теңіз көлі алабында, Қарағанды облысы Нұра ауданының солтүстік-батысындағы ағынсыз тұзды көл. Теңіз көлінің оңтүстік-батысынан 6 км, Қыпшақ көлінің шығысынан 16 км жерде, теңіз деңгейінен 312 м биіктікте орналасқан. Ауданы 34,7 км² (кей жылдары 62,8 км²-ге жетеді). Ұзындығы 7,7 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 30,3 км, орташа тереңдеңдігі 0,4 м. Су жиналатын алабы 3680 км². Көл шарасы шығысқа қарай таға тәрізді иілген, саяз сулы, түбі тұнбалы. Жағалауы жазық, саздақты. Шығыс жағынан Керей өзені құяды. Көл қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Суының деңгейі сәуірде көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Кей жылдары тартылып қалады



