Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Елбасы Шығыс Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті
Жаңалықтар

Елбасы Шығыс Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті

26/06/20140

Өз сөзінде Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысы еліміздің бірегей өнім түрлерін өндіретін ірі өнеркәсіптік өңірінің бірі екендігіне тоқталды.

– Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты өңір кәсіпорындарының алдынан жаңа нарық ашылуда. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға зор көңіл бөлінуде. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы қарыштап ілгерілеуде. Облыста майлы дақылдардың төрттен бірі өндіріледі, ет пен сүт өндіруден жетекші орында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бүкіл республика бойынша басымдыққа ие шағын және орта бизнес секторының бұл өңірде қарқынды дамып келе жатқандығына тоқталды.

– Шағын және орта кәсіпорындар шығаратын өнімдердің көлемі екі жарым есеге ұлғайды, барлық жұмыс істейтіндердің үштен бірі осы салада қамтылған. Бұл өте маңызды, өйткені экономикаға негізгі табысты ірі кәсіпорындар әкеледі, бірақ олар барлығын жұмыс орнымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бұл тұста нақ осы шағын бизнес баға жетпес рөл атқарады, –  деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын кәсіпкерліктің дамуы орта тапты қалыптастыра отырып, экономикалық қана емес, әлеуметтік жүйенің де тұрақтылығын қамтамасыз ететінін айтты.

Қазақстан Президенті өңірде әлеуметтік сала жақсы дамып келе жатқандығына назар аударды.

– Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы жетпіс жасқа дейін ұзарды, туу көрсеткіші 41 пайызға өсті. Бұл – тұрмыс деңгейі көтерілгендігінің, денсаулық сақтау саласы халық үшін тиісті  деңгейде жұмыс істеп жатқандығының айғағы, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан үшін айрықша өзекті экологиялық ахуалды жақсарту жұмыстарын да атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті баса ден қоюды қажет ететін бірқатар бағыттарға да тоқталды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы облыста түсті металдардың негізгі қоры шоғырланғанына және оны игеру мен экономикалық айналымға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан  Президенті өнеркәсіптік бесжылдық аясында іске қосылған нысандарды толық пайдалану қажеттігін де атап көрсетті.

– Әкімдіктердің барлығы жобаларды өз аумағына тартқысы келеді, бірақ жаңа өндірістік нысандардың қажетті болуын және олар нарықта сұранысқа ие өнім шығаруға тиіс екендігін ескерген жөн. Биыл іске қосылған барлық нысандардың жұмысын қамтамасыз ету керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы аграрлық секторды қолдау үшін көптеген елдердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қолы жете бермейтін түрлі мүмкіндіктер ұсынылып жатқанына назар аударды. Оларды өз деңгейінде пайдаланбауға болмайды.

Қазақстан Президенті апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді және денсаулық нысандарының құрылысы кестесін мүлтіксіз сақтауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында экономиканы әртараптандыру, ішкі резервтерді пайдалана отырып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу мәселелеріне ерекше тиянақтылықпен қарау керектігін айтты.

Бұл орайда кадрлық және ғылыми әлеуетті дамыту шешуші маңызға ие болмақ.

– Өңірде жақсы ғылыми-ағартушылық база бар, бірақ оның нақты сектормен өзара іс-қимылын күшейту керек. Ғылым еңбек өнімділігін арттыруға қызмет етуге тиіс, инновацияның мәні де осында жатыр. Жаңа технологиялар әлемде қарқынды түрде енгізілуде, біз де қалыспауға тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық салаларда – бизнес жүргізуде, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруда, тұрғын үй құрылысында, оқуда, медицинада, мәдениетте теңдессіз шарттар ұсынылып отырғандығын атап өтті. Тек тұрғындар тарапынан бастамашылық қажет, ол үшін тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.

Қазақстан Президенті облыстың жалпы алғанда табысты дамып келе жатқанын, бірақ қарқынды әлі де үдете түсу қажеттігін айтты.

– Қажетті бағдарламаның барлығы қабылданды және қаражатпен қамтамасыз етілді.  Олар сапалы орындалуға тиіс – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, баршасына табыс тіледі.

Кездесу барысында облыс әкімі Б.Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «жасыл экономика» және баламалы энергетика саласындағы жобалардың Oskemen EXPO 2014 көрмесін аралап көрді.

akorda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕр Жәнібек туралы деректер қазақ тіліне аударылады
Next Article Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ғылымды әрі қарай дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.