Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны табылды
Жаңалықтар

Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны табылды

16/07/20141
Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны табылды

   Ресей Федерациясының Федералдық қызметінің орталық мұрағаты павлодарлық мұрағат қызметкерлерінің сұрауы бойынша сталиндік зұламаттың құрбаны болған қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген орны жайлы мәліметті тапқанын хабарлады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Ресейдің Федералдық қызметінен жауап келді. Жүсіпбек Аймауытов атылғаннан кейін өзге де қуғындалып атылғандармен бірге Ваганьково бауырластар зиратына жерленген екен. Таяу арада бұл жерге барып ескерткіш қоюды жоспарлап отырмыз», — дейді А.Жалдинов.
Сондай-ақ, федералдық қызмет аталған зиратқа 1994 жылы барлық саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш қойғанын да жеткізген.

Айта өтейік, Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінде «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы ерекше орын алады. Жаңаша білім беру мақсатын көздеген «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды. Жазушы 1930 жылдары саяси жалаға ұшырады. «Басмашылармен байланысы бар, астыртын контреволюциялық «Алқа» ұйымында болған» деген жаламен 1929 жылы абақтыға қамалып, 1931 жылы атылған болатын.

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеральды канцлері Ангела Меркельге ел құрама командасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
Next Article Украинада Малайзияның ұшағы құлады

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.