Малайзияның Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 777 ұшағы Украинаның Донецк облысы Шахтарск қаласы маңына құлағаны хабарланды. Ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан.
Ұшақ бортында 280 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Апат себебі әлі белгісіз.
Бұған дейін, биыл 8 наурызда Malaysia Airlines әуе компаниясының тағы бір Boeing 777 ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кеткен еді. Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан MH370 рейсінің бортында 239 адам болған.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы


