Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Жүрсін Ерман Ер Жәнібек батырға арналған мүшәйраның жеңімпазы атанды
Жаңалықтар

Жүрсін Ерман Ер Жәнібек батырға арналған мүшәйраның жеңімпазы атанды

06/08/20140

Er 1

Сонымен, білікті ғалымдар мен танымал ақындардан құралған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сараптап саралай келе төмендегідей ұйғарымға келді: Бас жүлдені (темір тұлпар) – «Ерлік жыры» атты өлеңімен Қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды.

Ер Жәнібек баһадүрдің 300 жылдық тойына арнап ШҚО әкімшілігі жариялаған аламан жыр бәйгесі мәресіне жетті. Мүшәйрада еліміздің белгілі ақындарынан бастап, жас таланттарға дейін бақ сынасты. Жыр додасында сексеннен астам үміткердің қатарында Монғолиядан, Қытайдан танымал ақындардың болуы мүшәйра деңгейін көтеріп, ауқымын кеңейте түсті.

Бәйге қоржынына келіп түскен туындылардың ішінде батыр болмысын жан-жақты сомдаған көлемді поэмалар да, толымды толғаулар да, өрнекті өлеңдер де болды. Алайда, бәйге жеңімпаздарын анықтау қазылар алқасына оңай болмады. Себебі көпшілік ақындар батырға қатысты көне аңыздардың аясынан шыға алмай, тарихи оқиғаларды баяндаудан аса алмай, бірін бірі қайталауға ұрынған. Айталық, Көкдөнен мен Ақ туға қатысты өлеңдердің өзі 30-дан асты. Сарапшылар мұндай бірсарынды өлеңдердің ішінен таңдаулыларын ғана сұрыптап алды. Ер Жәнібектің тарихи тұлғасын жырлай отырып, бүгінгі күннің биігінен сөз айта білген, заман тынысын, қоғам келбетін тереңнен қозғаған көркем туындыларды басты назарда ұстады.Сонымен, білікті ғалымдар мен танымал ақындардан құралған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы сараптап саралай келе төмендегідей ұйғарымға келді:

Бас жүлдені (темір тұлпар) – «Ерлік жыры» атты өлеңімен Қазақтың арқалы ақыны, Алаш сыйлығының иегері Жүрсін Ерман жеңіп алды.

Бірінші орын алматылық танымал ақын Бақытбек Бәмішұлының «Рух жыры – Ер Жәнібек» поэмасына берілді.

Екінші орындарды «Ер Жәнібек» өлеңімен өскемендік Азамат Тасқара және «Жәнібек – Ер Жәнібек – Би Жәнібек» дастанымен жезқазғандық Кенжебай Ахметов еншіледі.
Үшінші орындарды монғолиялық Сұраған Рахметұлы «Жарқа Эльбрусі», «Кие» атты өлеңдері үшін, астаналық Ақберен Елгезек «Ер Жәнібек, Ер Жәнібек!» толғауы үшін, өскемендік Әскерхан Ақтай «Қырлаулы найза қолға алған» толғауы үшін иеленді.
Ынталандыру сыйлықтары ШҚО-тық Айжарық Әбілхасымовтың «Ел қорғаны – Ер Жәнібек» поэмасына, маңғыстаулық жас ақын Еділбек Дүсеновтің «Ер Жәнібек» толғауына, астаналық Бауыржан Қарағызұлының «Ер Жәнібек рухына» өлеңіне, атыраулық Әлия Дәулетбаеваның «Жәнібектің ақ туын жоқтау» өлеңіне, алматылық Мақсұтхан Баркөл-Дәлейдің «Аруағың аунасын» терме-толғауына бұйырды.
Сонымен бірге Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті және «Ер Жәнібек» қоры тағайындаған сыйлықтарды Егеухан Мұхамәдиқызы (ШҚО), Қайрат Кәмей (ҚХР), Ерлан Жүніс (Астана), Адалбек Ақмәдиұлы (Алматы), Толыбай Абылаев (Қызылорда) қатарлы ақындар қанжығасына байланды.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Өскемен қаласында өтеді. Уақыты қосымша хабарланады.

kazaitys.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article“KAZsport” телеарнасы тамыздың ортасында бірнеше қызықты спорт жарыстарын көрсетеді
Next Article Адамның топырақтан жаралу қиссасы

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.