Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Алтайда VII ғасырда өмір сүрген сарбаздың сүйегі мен оның қобызға ұқсас аспабы табылды
Жаңалықтар

Алтайда VII ғасырда өмір сүрген сарбаздың сүйегі мен оның қобызға ұқсас аспабы табылды

07/08/20140
  ҚазАқпарат — Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген Алтайдағы археологиялық қазба жұмыстары барысында шамамен VII ғасырда өмір сүрген 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды. Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметінен хабарланды.«Жауынгердің денесінің қасынан VII ғасырға тиесілі қару-жарағы атап айтқанда, дулыға, садақ, жебе, қорамсақ, қылыш сонымен қатар, аттың сүйектері мен алтын жалатылған ер-тұрман, жүген табылды. Сондай-ақ, сарбаздың қасына қобызға ұқсас музыкалық аспаптың қойылуы археологиялық қазба жұмысының басты жаңалығы болып отыр», — делінген баспасөз баянында.

Ескерткіш Түркі Академиясының «Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы» атты ғылыми-зерттеу жобасы негізінде қазылған. Бұған дейін «Берел» қорымынан мол жәдігер тапқан белгілі археолог Зейнолла Самашев археолог ғалымдармен бірге жүргізілген алғашқы сараптамалар нәтижесі жауынгерді шамамен VII ғасырда өмір сүрген деп болжап отыр.

«Адам мен аттың сүйегі өте жақсы сақталған. Бұл сүйек — қатардағы сарбаздікі емес, жырау немесе қоғамда жоғары мәртебеге ие болған адамдікі болуы кәдік», — дейді ол.

Бір қызығы, дәл осы өңірден былтыр аталған ғалымның археологиялық тобы екі көне аспап түрін тапқан болатын. Тарихи олжаның нақты дәуірі Түркі академиясы жанында жүргізілетін арнайы сараптамалардан кейін анықталады.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНЫ БОЛА АЛМАСАМ БОСҚЫН БОЛАЙЫН…
Next Article Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.