Baq.kz – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта сұлатып салды.
Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл — Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белбеуін 2-рет қорғауы.
Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидель Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен.
Ал, қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті, 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін ол 18-жеңісіне 15-ші нокаутына қол жеткізді.




