22 тамызда Алматыда КСРО халық артисі Ермек Серкебаев тұрған үйдің қабырғасына мемориалды тақта ілінетін болады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы мен Астананың шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Е.Серкебаевтың жақындары мен оның дарынын бағалаған жандар қатысады. Өтетін жері мен уақыты: Бөгенбай батыр көшесі, 136 (Желтоқсан көшесінің бұрышы) сағат 12.00», — делінген хабарламада.
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев — кеңестік дәуірдегі қазақтың танымал опера әншісі, камералық әнші (баритон), педагог. КСРО халық артисі (1959), Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының (1972) және КСРО сыйлығының иегері, (1977), Социалистік Еңбек Ері (1986). Е.Серкебаев Алматыда 2013 жылдың 16 қарашасында дүниеден өтті. Кеңсай зиратына жерленген.


