Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»«Біржан-Сара» — нағыз жастар операсы
Жаңалықтар

«Біржан-Сара» — нағыз жастар операсы

04/09/20140

 Baq.kz – Мұқан Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсы жастар арасында кеңінен таныла бастады. «Астана Опера» жүргізген маркетингтік зерттеуге сүйенсек, театрдың бірінші маусымында аталған спектакльде болып, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамының жасы 18 бен 30 арасын құраған. Көпшілік, ұлттық операға, онда көтерілетін тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне деген қызығушылықты атап өтті.

Театрдың жаңа маусымында, бірінші «Жібек Жолы» Халықаралық фестивалі шеңберінде 20 қыркүйекте «Біржан-Сара» операсы қойылады. Біржан партиясын бүгінгі күннің көрнекті теноры, осы партияны үздік орындаушылардың бірі – Ахмет Ағади ұсынады. Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық әртісі, Сараның ролін сомдайтын Республикамыздың Еңбек сіңірген қайраткері, жарқыраған опера әншісі Айгүл Ниязовамен бірге шырқайды.

Аналықтың партиясын сезімтал, жүректі елжірететін Дина Хамзина орындаса, қызғаншақ Алтынайды Жаннат Бақтай ойнайды, Естай партиясында – Бейімбет Таңарықов.
Қазақтың композиторы Мұқан Төлебаевтің ұмытылмас туындысы — «Біржан-Сара», Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясынан өтіп, Юрий Александровтың қойылымында 2013 жылдың 21 маусымында «Астана Операда» тұсауы кесілген болатын. Режиссердің ақын, композитор Біржан мен айтыскер ақын Сараның арасындағы қиын да, тереңге бойлаған қарым-қатынасына жаңа көзбен қарағандығы Ресей Халық әртісінің соны қойылымына атақ әкелді. Ю. Александров операны өскелең ұрпақтың қабылдауына жақын етіп қана қоймай, көрерменге бірінші кезекте тұлғаның қайғысы мен мәңгілік махаббатты жеткізді.

«Біржан-Сара» операсы тек Қазақстан театрларында ғана емес, сондай-ақ, Алмания, Түркия, Ресей, Өзбекстан және басқа елдерде жоғары жетістікпен орындалады. Туынды алғаш рет Алматыда Абай ат. МАОБТ 1946 жылдың 7 қарашасында қойылған еді. Алғашқы орындағандар: Біржан – Әнуар Үмбетпаев, Сара – Күләш Байсейітова. Ресейлік тұсаукесер 1948 жылы Мәскеулік шығармашылық күштердің байқауынан өтті.
Терең ой тастап, жан-жақты ашылған операда даналық музыкалық шығармаға қайталанбас рең беріп, елең еткізбей қоймайтын музыкалық-ақындық дәстүр – айтыс бейнеленген. Дүниеге келгеніне 70 жылға жуықтаса да, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени-поэзиялық тәжірибенің синтезінде туындаған «Біржан-Сара», бүгін де үлгі боларлық сарқылмас көркем күш болып қалуда.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӨЛГЕНІМІЗ ТІРІЛДІ, ӨШКЕНІМІЗ ЖАНДЫ
Next Article Айдос Сарым, саясаттанушы:Тіл – кімнің кім екенін анықтайтын индикатор

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.