Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақ руханиятының жоқтаушысы «Сенқазақ» сайтын жоғалтып алмайық
Жаңалықтар

Қазақ руханиятының жоқтаушысы «Сенқазақ» сайтын жоғалтып алмайық

11/09/20140

Бүгінгі заман ақпараттық заман екенін ешкім жоққа шығармайды. Көрші үй түгілі, алты құрлықтың арғы бетіндегі қазір болып жатқан оқиғаны қазір естіп, біліп, көріп отырмыз. Бұл қазақ елінің ақпараттық даму жағынан әлемдік көште алғашқы елдердің бірі екенінің айқын көрінісі. Тіпті, бұл көштен Қазақстаннан тысқары жерлерде тұратын қазақтарда қалыс қалған емес. Солардың ішінде интернет сайттары ерекше дамығаны – Қытайдағы қандастарымыз.

Олардың әр түрлі бағытта ел игілігіне арналған 50-ге жуық сайты ақын, ағартушы, қоғам қайраткері қазақтың қасқа маңдай азаматы Ахмет Байтұрсынов қалыптастырып кеткен төте жазу үлгісімен жарық көріп келеді.
Бұл сайттардың әдерісін әр жерден жеке-жеке іздемей-ақ, мына kz321.com— сілтемені басып қалсаңыз айтып отырған әңгімеміздің ақиқатына көз жеткізесіз. Әр сайттың топтастырылған аты-жөнін анық көруге болады. Кез-келген біреуін басып қалсаңыз сол сайттың оқырманы болдым деп есептей беріңіз.

Жоғарыда атап өткеніміздей әр сайт әр түрлі бағытқа арналған. Соның ішінде «senkazakh.com» сайтының орыны ерекше! Жалпы шеттегі қазақ тілді сайттар туралы сұрасаңыз ел аузына бірден осы сайыт ілінеді. Олай дейтініміз осы сайт арқылы арғы беттегі қандастарымыз ата-жұртындағы қыбыр еткен құбылыстың барлығынан құлағдар болып келеді. Ал, бізде осы ақпарат көзі арқылы сол жақтағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігінен, күнделікті өмірінен хабардар алып отыратынымыз жасырын емес. Тіпті, қандастарымыз ғана емес, Қытайдың ішінде болып жатқан кейбір маңызды ақпараттарды да осы сайт арқылы естіп, біліп жатамыз.

«Senkazakh.com» сайты Қазақстан мен Қытай қазақтары арасындағы ақпарат көпірі болғалы біраз жыл болып қалды. Соңғы жылдары бұл сайт екі ел арасындағы ақпарат көпірі ғана емес, әлемдегі қазақтардың ғаламтордағы ең үлкен рухани ордасына айналды десек артық айтқандық болмас. Бұлай айтудағы себебіміз – сайт тек төте жазумен ғана шектелмей, кирилше нұсқада да  оқырмандарын жаңалықтарымен бөлісе алатындығы. Осыдан бірер жыл бұрын аталмыш сайт программасына төте-кирилді сәйкестіретін қабылет қосып, жаңалық ашып, әлем қазақтарының жазу ұқсамастығынан бөлініп қалған ақпарат кеңістігін тұтастырып, тек Қытай ғана емес, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Тұркиядағы қандастарымыздың бір-бірімен рухани тоғысу алаңын қалыптастрыды. Бұл сайттың елімізден тысқары жерде өмір сүріп жатқан қандастарымызды тамыры бір ұлттық құндылықтарын бөлісуге, алмастыруға қосып жатқан өлшеусіз еңбегі деп бағаласақ артық болмас.

Осылай «Senkazakh.com» сайты арқылы әр елдегі қандастар бір-бірімен жүздері тоғыспаса да, жүректері, тілектері тоғысып жатыр. Бүгінгі мәліметтерге сүйенсе, сайтқа бір күнде 2 мыңға жуық ақпарат, мақала салынса,  көрілімі жағынан күндік көрсеткіші 100 мыңнан асып жығылады екен. Ал қазірге дейін қазақ мәдениетінің әр қырынан сыр шертетін, ақпараттық танымдық мәліметтер 2 милионға жетсе, тұрақты тіркелушілері 60 мың адамнан асқан.

Сайт Қытай елінде болғандықтан өзге елдегі қытайтанушы әуесқойларға таптырмас ақпарат көзі болып тұрғаны айтпасақта түсінікті. Алайда, осындай ауыр жүкті арқалап келе жатқан «Senkazakh.com» сайты соңғы кездері, нақтырақ айтса, тамыздың ортасынан бүгінге дейін сайт бірде ашылып, бірде мүлдем ашылмай келеді.

Осыған байланысты әлеуметтік желілер арқылы сайт жетекшісі Ақытбек Шеризатұлымен сөйлескен едік. Қазір техникалық себептерге байланысты сайттың тоқтап тұрғанын айтты. Сонымен қатар сайттың тағдыры жабылып қалу қаупінде тұрғанын да жасырмады. Бүгінге дейін бұл ақпарат көзі  еңбекқор ұжым мүшелері мен бір қатар ұлт жанды азаматтардың көмегімен күн көріп жатқанын айтты. Әрине, бір сайтты осындай деңгейге жеткізу, ұстап отыру қаншама қаржыны талап ететіні айтпасақта түсінікті.

Егер, Қытайдағы қандастарымыздың басты ақпарат көзіне айналған «Senkazakh.com» сайты өмір сүруін тоқтататын болса, онсыз да тілі шұбарланып бара жатқан ондағы ұрпақтардың тілі де бірге жоғалары сөзсіз. Бұл сайт екі ел арасындағы ақпарат көпірі ғана емес, сол жақтағы қандастарымыздың тілдік хорының да алтын бастауы екенін естен шығармағанымыз абзал.

Иә, «Senkazakh.com» сайты дәл қазір өндірістік байланыстан ажырап тұр. Мүмкін, экономикалық қиыншылық, мүмкін,  белгісіз қоғамдық қысым салдарынан, немесе басқалай себептерге байланысты есігін жауып тастаған болар. Алайда, ондағы алаш аманатына қиянат жасамайтын батыр бауырларымыз аталмыш ақпарат көзінің есігін қайтадан айқара ашады деген сенімдеміз.

Біз «көршісі атқа мініп, бәйгеге шапса, үйде отырып, тақымын қысатын» қазақтың баласымыз. Шеттегі бір қазақ баласы жетістікке жетсе, біздің де мерейіміз тасып, абыройымыз асып жатады. Керісінше, келеңсіз оқиғаларды естігенде көңіліміз пәс тартып қалады. Міне, әлем қазақтары арасындағы ақпараттың алтын көпіріне айналған «Senkazakh.com» сайтының басына «қауып төніп тұр» дегенді естігенде жабырқап қалғанымыз шындық. Бұл сайтты алыстағы ағайындарымыз ашса да, қазақ тілінде, қазақтың өркениетіннне еңбек етіп жатқаны үшін қазақ баспасөзінің бір бұтағы деп есептейік ағайын. Ал бұтақты сындырып алу әр бір қазақ азаматына сын…

kerey.kz

 

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТеңге бағамы және оны нығайтуға қатысты ұлттық банк болжамы
Next Article «ОРАЛМАНДАР ОН ТӨРТ ОБЛЫСҚА ДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.