Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»«ОРАЛМАНДАР ОН ТӨРТ ОБЛЫСҚА ДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ»
Жаңалықтар

«ОРАЛМАНДАР ОН ТӨРТ ОБЛЫСҚА ДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ»

11/09/20140

Шетелдегі қазақтарды атажұрты – Қазақстанға тездетіп көшіріп алу мемлекет үшін күн өткен сайын маңызды мәселеге айналып келеді. Басынан дау арылмай, шенді-шекпенділер қыли қарап келген көші-қон мәселесі Украина мен Ресей арасындағы ахуалдан кейін басқа арнаға ауысты. Билік те қазақ көшіне қатысты ұстанымын күрт өзгертті. Қысылғанда қазақ керек екенін бек түсінді. Мемлекет территориясын қазаққа толтырмай, Тәуелсіздік пен тұтасттыққа төнген қауіптен арылу мүмкін еместігін білді. Білгеніне бұқарасы қуанулы. Билік ә дегенде «Көші-қон туралы заңды» қайта қараудан бастамақ. Мемлекеттік маңызды мәселенің жедел шешілуі қажеттігіне депутаттар да үн қатты.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде көші-қон мәселесі бойынша брифинг өткізген Мәжілісі депутаты Нұртай Сабильянов: «Қазіргі көші-қон заңына сәйкес, сырттан келген қазақтарға азаматтық беруді 4 жылға дейін созу дұрыс емес. 2014 жылдың соңына дейін бұл заңға өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар, оралмандарға әртүрлі жеңілдіктер де қарастырылады. Сырттан келген ағайындар Қазақстанның он төрт облысына да орналастырылады. Айта кету керек, ШҚО-да оралмандар ауылын салуға бөлінген қаражат талан-таражға түсті, үйлер дұрыс салынған жоқ. Енді мұндай кемшіліктерді қайталамауымыз керек. Қандастарымызды азаматтықпен бірге үй және жұмыспен қамту мәселесін де шешіп беруіміз керек» — деп, көші-қонға байланысты ойын жеткізді.

Нұртай мырзаның үлкен мінберде айтқан сөзіне орай қазақ көші мәселесінде түн ұйқысын төрт бөліп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек өз пікірін айтқан еді.

Ауыт Мұқибек, ақын, қоғам қайраткері:

— Өте дұрыс айтылған пікір. Енді осыны тездетіп жүзеге асыру керек! Біздегі қорқыныш — шет аймақтардың бос қалуы емес. Ауылдардың да жабылып қалғанынан алаңдап тұрғамыз жоқ! Оны толтыратын халық бар. Ол – шеттегі 5 миллион қазақ.

Ең басты үрейіміз — жақында Парламетте қаралатын «Көші-қон Заңының» сапасы, мүлтіксіздігі, шеттен келетін ағайындарға тиімділігі!

Жеті емес, жетпіс облысты белгілесең де шеттен келетін қандастарымызды құжаттандыруда бір кедергі болса, мысалы, «келген еліңнен тіркеуден шығып кел», «сотталмағаның жайлы анықтама әкел» деген секілді, онда бар шаруаң көк тиынға есеп! Еңбегің селге кетеді!

Екінші бір айтарым, мен оңтүстіктің халқын солтүстікке көшіру керек дегенді түсінбеймін. Елбасы Шымкент қаласын Алматы, Астанадан кейігі үшінші мегаполис етіп құруды қолға алды. Ол үшін онда халық мол болу керек емес пе?! Ал, ЖОО-н бітірген жастарды сол шалғай ауыл мен Солтүстік облыстарға тартып жатса, құба-құп. Ең тиімді, өнім беретін жол — шеттен келетін қазақтарды қоныстандыру!

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақ руханиятының жоқтаушысы «Сенқазақ» сайтын жоғалтып алмайық
Next Article Моңғолия қазақтары шетелдік саяхатшы көзімен (ФОТО)

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.