Шәкудің алғашқы тірлігі кедейшілікпен өтіпті. Барлам адамдардың малын бағып, отынын жағып тіршілік талшығын айырып жүргенінде, жемтікке түсіп тояттаған бүркіттің үстінен түсіп ұстап алыпты. Бақ-дәулет үйірілейін дегенде ұйырымен келеді дегендей, сол бүркітті баптап түлкіге салған екен, қылт еткенді құтқармайтын қыран болыпты. Шәку алғашында бүркітті жаяу салады екен. Сайыр тауының бөктеріндегі теректі деп аталатын сайда «бүркіт салған» дейтін жер бар, қансонар болғанда шәку бүркітін тау басына көтеріп шығарып, төңіректі шалып, түлкінің соқпағын дәл мөлшерлеп, аңдып отырып, түлкінің қарасын көргенде бүркіттің томағасын тартып қоя береді екен. Шәку алған түлкілерін саудаға салып, мал жинапты. Малының саны тез артып, бір неше жылда лықсыған бай болыпты. Алақақтың жазығында шәку атымен аталатын үлкен кең қойнау бар, шәкудің жылқысы сол қойнауға толса жылқышылар «жылқы түгел», жылқы түгендейді екен. Сол кезде «шәкудің десі жүргенде түйесі түлкі алыпты, пышағы қасқыр соғыпты» дейтін сөз тарапты.
Шәку байығаннан кейін қайрырымдылығы, жомарттығы, кісілігімен аты шығады. Шәкудің жоқшысы болып жүрген зерттермен сейт абыз ұлы «ел есіндегі есім» деген шығармасында бұл жайында «… Аға сұлтан құнанбай ақпатша үкіметінің нұсқауымен алтайға келген (1850-жыл делінеді) . Қайтар жолында шәку жолдан тосып алып, шығарып салғалы бірге келе жатқан ел ағалары ішінде жүздей адамды аулына бастап барып, көкқасқа тай сойып, қазақ салтындағы жоғары мәртебемен күтіп алумен бірге, тұнымен әншілер ән айтып, жас домбырашы бейсенбі алуан түрлі күйлерді шертіп, аға сұлтанды разы етеді. Бейсенбінің шерткен «қарақұлақ аттың жүрісіне» аға сұлтанның ерекше тәнті болғанын байқаған шәку өзінің 62 атқа сатып алған жорға әрі жүйрік қоңыр атын «шыңғыс даласына апарып атыңызды шығарып мніп жүріңіз, бабы келсе күткен жеріңізден шығады» деп мінгізеді. Құнанбай атты көргеннен кейін «жануар су төгілмес жорғаның өзі екен ғой» деп мақтайды.
Осы кезде бейсенбі «аға, қоңыр ат астыңызда жүргенде, осы атқа арнап шығарған мына ‹алпыс екі қоңыр› күйі құлағыңызда жүрсін» деп «алпыс екі қоңыр» күйін орындап береді. Шәку тағыда құнанбайға ілесе келгендердің жарымына біріңғай ақ ат, жарымына біріңғай жирен ат жетектетіп береді.
Алтай ел ағалары мен шәкудің ерекше құрметыне разы болған құнекең: ‹түбінде біздің қазақтың елдік белгісі осы керейлер жақта қалар ма екен› деген делінеді. (асқар татанай, сайыл аштари, сағатқан таңқайдың жазғандарынан алынды) . Жоғардағы анықтамалардан шәкудің байлық дәулетін көрсетуден тыс, керей елінің елдігін танытып, ел атын шығарған адамгершілік, білімділігін, көпестігін, мұралдық қасиетын толық түсінуге болады» . (алтай аясы жорналы. 2013-жылы 2-сан. 34-бет) .
Шәку қайтыс болғанда қайтыс болғанда арттағы елі арнаулы техник шақырып аттың қылын қосқан қара кірпіштен дөңгелек зират тұрғызады (1862-жылы) . Бұл зират 1949-жылдан кейін алтайда қорғалатын мемілекет қаритасындағы төрт зираттың бірі болған дейтін сөз бар. Алайда 1966-жылы «төрт көнені жою»Саяси қозғалысында үштен екі бөлігі талқандалған, онда адамдар дәрі қойып партылатқан, лөммен, кайламен қопарған, сірге ағаштарын балталап шапқан. Қазір зираттың тек үштен бір бөлегі сақталған.
Шәку байдың алтыншы ұрпағы моңғұлиялық азамат мақидолла қинаят ұлы 2004-жылдан бері атасы шәкудің зиратына қайта-қайта келіп, сыртын қоршап, құлыптас орнатуды ойластырған.
Ақыры мақидолла қинатай ұлы жиырма мың юанға таяу жекелік қаражатын шығарып, атасы шәку есілбәй ұлының сандықшасын жаңалап, басына құлыптас орнатты. Құлып тасқа шәкудің өмір баяны ойлып жазылды. 2013-жылы 28-шілдеде құлыптастың салынып болу байланысымен алтайдағы бір бөлім қоғам қайраткерлерды, жазушларды, зерттермендерді, жөрнәлістерді, ауыл адамдарын шақырып, «хатым» түсіріп, дала дастарқанында шай берді.
.


