Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Абылай ханның 300 жылдығына арналған айтыстың Бас жүлдесін Нұрмат Мансұров алды
Жаңалықтар

Абылай ханның 300 жылдығына арналған айтыстың Бас жүлдесін Нұрмат Мансұров алды

28/08/20130

     Бұл жолы Ержанның жерлесі, белгілі сөз жүйрігі Мейірбек Сұлтанхан қазылар талғамынан шықпады. Қарсыласына орын­ды уәж қайтара алған жоқ. Сондай-ақ, та­ны­мал айтыскер Сара Тоқтамысова да өз биігінен көріне алмады.

Қызылордада Абылай ханның 300 жылдығына арналған айтыс өтті. Бұл туралы «Сыр бойы» газетінің сайты былай деп жазады. Үш жүздің ардаларын бір тудың астына жинап, қазақ халқының тәуелсіз­дігі мен бір­лі­гі үшін жауларымен кү­ре­сіп өткен дана қолбасшы, Абы­лай ханның 300 жыл­дығына орай облыстық мәде­ниет бас­қар­масының халық шығар­ма­шылығы ор­та­лығы ақындар ай­тысын ұйымдас­тырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтысқа елімізге есімі та­нымал айтыскерлер қатысты.

Қазақтың ұлттық ұстынын, кеше мен бүгіннің келбетін жыр кестесіне салып, домбыра ша­на­ғынан шашу қылған ақын­дар сөз жанкүйерлерін риза қылды. Олар­дың орам­ды да, ойлы өлең шумақ­тарына талғамы жоғары қазылар алқасы оң баға берді.

– Сөз өнері арқылы елдің елдігін, рухын көтерген ақындарымыз халық көкейіндегі көксеуді, тәуелсіздіктің тұғырлы бейнесін аша білді, – деді қазылар алқасының төрағасы ақын Шәкизада Әбдікәрімов.

Сонымен бірге, ақындар көрермен көңілін көтеретін әдемі сөз айшықтары­мен де есте қалды.

«Емеспін жұрт білетін шешен бала,

Ақын деп мойындайтын көшем ғана.

Мені жақсы танитын екі адам бар,

Оның өзі әкем мен шешем ғана» – деп жұртты бір желпінткен шиелілік Ержан Әміров осы айтыстағы ашылған тағы бір талант иесі деп танылды. Оған қазылар Асқар Кіребаев атындағы арнайы сый­лық­ты тиесілі деп тапты.

Бұл жолы Ержанның жерлесі, белгілі сөз жүйрігі Мейірбек Сұлтанхан қазылар талғамынан шықпады. Қарсыласына орын­ды уәж қайтара алған жоқ. Сондай-ақ, та­ны­мал айтыскер Сара Тоқтамысова да өз биігінен көріне алмады. Айтыскер­лердің көбіне ортақ кемшілік жаттан­дылық болды. Бұрынғы айтыстарын қайталаған Сараға са­рапшылар осы тұрғыдан сараңдық танытты.

Қорытындыда астаналық қос ақын С.Тоқтамысова мен Еркебұлан Қай­на­заров 3-ші, оңтүстіктік Біржан Байтуов 2-ші, жерлесіміз Мұқтар Ниязов 1-ші, ал, Нұрмат Мансұров 500 мың теңгелік бас бәйгені олжалады.

Осылайша Абылай ханның тұлғасын тағы бір асқақтатып, домбыра шанағынан даналық сөз төккен айтыс өтті.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ

kazaitys.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШәку Есілбәй ұлы (1785-1862)
Next Article «ҚАЗАҚСТАНДА 85-ТЕН АСТАМ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС ТҰРАДЫ»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.