Үстіміздегі жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің күні шеңберінде Сыртқы істер министрлігінде дипломаттардың қатысуымен қазақ тілі кеші болып өтті. Кеште Министрліктегі қазақ тілі курстарында білімін тереңдетіп жүрген қызметкерлерден құралған командалар «Сөзтаным» және «Мақалнама» номинациялары бойынша мемлекеттік тілді терең меңгеру жөнінде өзара сайысқа түсті. Сайыс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.
Дәстүрге айналған бұл тіл кеші Министрліктегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің жалпы мемлекеттік қызметтегі рөлін арттыру жолында жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстардың бір айғағы болды.


