Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай ала ма?
Жаңалықтар

АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай ала ма?

04/10/20140

АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай алады. Бұл туралы осы аптада АҚШ-тың Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Ворк мәлімдеді. Негізінен, бұған дейін де осындай қатты мәлімдемелер жасалған, алайда бұл жолғысы халықаралық құжаттармен бекітіліп, әлемнің үрейін алып отыр.

Өткен аптада ғана АҚШ президенті Барак Обама НАТО-ға мүше мемлекеттер мен Ресей арасында әскери қақтығыстың орын алу мүмкіндігін жоққа шығарып, мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ бұл бағыттағы Американың мәлімдемесі істегісіне мүлде сай болмай шығып жатыр. Сондықтан соңғы кездері ғаламторда “АҚШ пен Ресей ашық кетіседі” деген үрей туғызар дабыра әңгімеге негіз жоқ деп айтуға келмес” деп жазады Дни. ру порталы. Мәселен, Балтық жағалауына АҚШ әскерінің келіп, қоныстанғанына үш айдың жүзі болған. Олардың бір Румынияда 22 зымыран атқылағыш ұшағы тұр. Сол секілді жуырда АҚШ Сенаты бірінші оқылымда-ақ Украинаны НАТО-сыз ақ өзінің одақтасы етіп жариялайтын заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес, Ресей Украинаға ашық әскери шабуыл жасайтын болса, онда АҚШ өзінің одақтасының территориясына жауынан бірлесе қорғану үшін әскер кіргізетін болады. Сондай-ақ АҚШ-тың одақтасы мәртебесіне Грузия және Молдова да ие болған. Осы құжат барлық елдің мекемесі мен құрылымдарына Ресей аннексиялаған Қырым тәуелсіздігін мойындау мақсатында іс-қимыл жасауына тыйым салады. Малайзия ұшағы апатын зерттеу мақсатында деген желеумен бүгіндері Украинаға Пентагонның ең білікті бірқатар маманы жіберілген. Ал шынтуайтында, олар жаудың көзін жою үшін жылдам қимылдаудың ең озық технологияларын жергілікті әскерилерге үйрету үшін келген деседі. Қалай дегенмен де әлгі құжатқа сүйеніп, Обама Украинаның әскери саласына көмектесу үшін бұйрық та беріп қойыпты. Алайда онда бұл көмек ішінде техникалық жағы қарастырылмайды деу ұмытылмай жазылыпты. Әрине, мұны өзіне төнген тікелей қауіп деп санаған Ресей бүгіндері стратегиялық әріптесі Қытаймен бірлесіп нақты іс-қимылға көшкен. Бірақ оның қандай іс-қимыл екендігі ешқай жерде нақты айтылмайды. Бірақ кеше Пентагонның ресми өкілдері “Обаманың Ресейге қарсы әскери күш қолданбаймыз дегеніне қарамастан біз қоқан-лоқы көрсетіп отырған Ресей мен Қытайға қарсы жауап қатуға дайын болуымыз керек” деп мәлімдеген. Сөзбе-сөз келтіре кетелік:“Қытай мен Ресей Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін белгіленген халықаралық тәртіпті қайтадан қарастырғысы келіп, шекарасы маңындағы әскери құрылымындарын күшейтіп, өзгелерге доқ көрсетіп жатыр. Мәскеу мен Пенкин көрсетіп отырған доғына АҚШ-тың әскери тәсілмен жауап қата алатынын білуі тиіс”. Осылайша кеше ресми болмаса да АҚШ өзінің әскери дайындығын, қажет кезде Ресейге де, Қытайға да әскери шабуыл жасай алатынын жеткізді.

Ал Ресейге қарсы жуан жұдырықтар түйілген сайын мұндағы әскерилерден де маза қаша бастапты.

“Хвиля.net” порталының хабарлауынша, ғаламтордан Украинадан қайтқан табыттарды көрген Ресей әскерінің солдаттары әскери болудан бас тартып, үй-үйіне тарқай бастаған. Келісімшартпен әскери салада қызмет етіп жүргендер өз еркімен арыз жазып, жұмыстан босаса, ал отан алдында борышын өтеушілер әскерден қашып жатыр. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, Украинада қаза болған ресейлік солдаттар саны 4 мыңға жуықтаған. Бәрінен масқарасы, баласы соғыста жүргенін ата-ана білмейді. Осы бағытта өзінің журналисттік зерттеуін жариялаған украин тілшісі өзінің ресейлік әріптесі Дмитрий Бавыриннің келтірген деректерге сүйеніп былай жазады: “Ресейдің келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкерлері Украина жерінде опат болса, онда олар ізім-қайым жоғалғандар қатарына жатқызылып, ал құжатта оларды бір ай бұрын әскерден өз еркімен шығып кеткен деп жаза салады. Ал денелері отанына оралмайды. Атағы бар ресми әскерилер көз жұмса, онда олар елге “Груз-200″ деген атпен танымал гуманитарлық көмек көлігімен жеткізіледі”.

Автор: Кәмшат Сатиева
alashainasy.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Next Article Инчхондағы Азия ойындары аяқталды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.