4 қазан күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медалімен (жиыны 84 жүлде — ред.) жалпыкомандалық есептегі 4-орнын сақтап қалды.
Жарыстың соңғы күні қазақстандық каратэшілер Екатерина Хуповец — күміс, Халид Халидов қола медаль иеленді.
Қазақстан осы жолы Азия ойындарындағы медаль санынан өз рекордын жаңартты. Қазақстан спортшылары 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында 79 медаль (24 алтын — ред.) алған еді.
Келесі Азия ойындары 2018 жылы Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтеді.
azattyq.org


