Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан Еуропамен жақындаспақ ниетте
Жаңалықтар

Қазақстан Еуропамен жақындаспақ ниетте

09/10/20140

Еуропа Одағы мен Қазақстан қазанның 9-ы күні тығыз экономикалық және саяси байланыс орнататын келісім жасау бойынша келіссөз жүргізді.

280 беттік «Жақсарған әріптестік пен ынтымақтастық келісімі» атты төрт жыл бойы даярланған құжаттың соңғы детальдарын талқылау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге ресми сапар жасаған күнмен сәйкес келді.

ЕО Орталық Азиядағы ең ірі әкономика, Ресейдің Кеден Одағы мен құрылғалы жатқан Еуразия экономикалық одағындағы басты серігі болып саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге барынша бейіл.

Назарбаев постсоветтік елдердің Ресеймен, Қытаймен және ЕО-мен экономикалық интеграциясы мәселесінде тепе-теңдік сақтау ісінде епті саясаткер болып көрінеді.

ЕО-ның Совет Одағы құлай салған кезде жасаған ескі бір келісімінің орнын басатын бұл жаңа құжат алдағы бірнеше ай ішінде толықтырылып, келесі жылы бекітіледі деп жоспарланған.

Бұл келісім ЕО-Қазақстан қарым-қатынасын Брюссель мен Мәскеудің қазіргі байланыстарынан гөрі жақынырақ етпекші. ЕО мен Ресейдің осыған ұқсас келісім жасау әрекеттеріне энергетикалық нарықтағы келсіпеушілік, Украинадағы соғыс пен Мәскеудің Киевтің Брюссельге жақындауына қарсылығы кедергі келтіріп келеді.

Ресей мен өзге Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстан бірінші болып ЕО-ның жақын саяси-экономикалық әріптесіне айналғалы тұр.

ЕО-ның осы жолы Қазақстанға ұсынып отырған келісім шарттары Украина, Грузия мен Молдоваға ұсынған саяси серіктестік келісімінен әлсіздеу көрінуі мүмкін. Бірақ Ресей мен өзге Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстан бірінші болып ЕО-ның жақын саяси-экономикалық әріптесіне айналғалы тұр.

Еуропа Одағының жоғары лауазымды шенеунігі Азатыққа Брюссельдің Қазақстанмен бұл келісіміне Ресей қарсы шыға қоймайды деп санайтынын айтты. ЕО-мен келісім жасау кезінде қазақстандық өкілдер бұл құжаттың Кеден Одағы мен Еуразия экономикалық одағындағы міндеттемелеріне қайшы келмеуіне аса сақтықпен қараған.

Қазанның 9-ы күні Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы мен Беларусь парламентінің төменгі палатасы ЕАЭО құру келісімін ратификациялаған.


 

ЕО-Қазақстан келісімі тарифты реттеу ісін қарастырмайды, өйткені бұл Еуразия экономикалық одағының шарттарына қайшы болып шығар еді.  Бірақ келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы басқа экономикалық қарым-қатынастарды қамтиды. Олардың ішінде саудаға қатысты техникалық кедергілерді жою, азық-түлік қауіпсіздігі, қызмет түрлері, капитал қозғалысы, шикізат өнімдері, энергетикалық ресурстар және зияткерлік меншікті қорғау туралы шарттар бар.

ЕО үшін басты мақсат — еуропалық кәсіпкерлердің Қазақстанда және қазақстандық кәсіпкерлердің ЕО-да тең дәрежелі жеңілдік иеленуі.

ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау жасайтын болды.

ЕО-ның жоғары лауазымды шенеунігі Азаттыққа: «Қазақстанға Еуропа Одағында Ресеймен бірдей тарифтер ұсынылады, бірақ [қазақ кәсіпкерлері үшін] бизнес климаты мүлдем бөлек болады» деді.

Келісім бойынша Қазақстандағы демократия мен адам құқықтары ахуалына екпін түсірілді.

Келісімнің сыртқы саясатқа қатысты тұсында аймақтық тұрақтылық, терроризммен күрес, Ауғанстанға байланысты ынтымақтастық және Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты келіссөз аталады.

ЕО-ның өкілі Азаттыққа келісім бойынша Қазақстандағы демократия мен адам құқықтарына екпін түсірілді.

Брюссель Қазақстан азаматтарының Еуропаға сапар шегуін оңайлату үшін виза беру және қайта кіру келісімім-шартын да қарастырып отыр.

Құжатқа қол қойылғанша келіссөз бірнеше жылға да созылып кетуі мүмкін, бірақ мұндай келісім ЕО мен Орталық Азия елінің арасында бірінші рет жасалмақшы.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұхтар МАҒАУИН: Әлем елдері Шыңғысханға таласып жатса, қазақ қашып әлек
Next Article Каспий үшін тартыста Қазақстан мүддесін қорғай алды ма?

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.