Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Фоторепортаж»Қызылордада Жанқожа батырдың тойы басталды (ФОТО)
Фоторепортаж

Қызылордада Жанқожа батырдың тойы басталды (ФОТО)

16/10/20140

Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы, халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240 жылдығын кең көлемде атап өтуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қызылорда теміржол вокзалы алаңында ұлт азаттық жолындағы күрестiң қас батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының ескерткіші ашылды. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, жиналған қалың көпшілікті қуаныштарымен құттықтады. — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, отанымыздың қасиетті байтақ даласын дұшпаннан қорғаған батыр бабаларымызды ұлықтап, лайықты құрмет көрсету біздің перзенттік парызымыз деген болатын. Бүгін міне, халқымыздың тұтастығы мен еліміздің бірлігін ойлаған ұлт азаттық көтерілістің бас қолбасшыларының бірі, Сыр бойынан шыққан қас батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлына арнап облыс орталығында батырдың зәулім ескерткішін орнатып отырмыз. Бұл ескерткіштің Қызылорданың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенеміз. Келешекте сарбаздар осы жерде отан алдында ант беретін, әскери лауазым алғандар мен оқу бітірушілерге куәлік тапсыратын, әскери борышын өтеуге аттанатын жас өрендерге ақ жол тілейтін, жас жұбайлардың гүл шоғын қоятын киелі жер болғанын қалаймыз», — деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Салтанатты шарада мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманұлы, Республикалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев ескерткіштің ашылуымен құттықтап, Жанқожа батырдың ерлігі мен өр рухы жайында бейнефильм түсіруді ұсынды.
Ескерткіштің ашылу рәсімі студенттер сарайында «Ұлт азаттығы қозғалысы және Жанқожа батыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Белгілі ғалымдар, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысқан жиында батыр бейнесі жан-жақты сөз болып, тың деректер айтылды.
Конференция қатысушылары Жанқожа Нұрмұхамедұлындай дара тұлғалардың ұлт тарихынан лайықты орын алуы, олардың қасиетті есімдерінің қайта жаңғыруы Елбасымыз – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мазмұнымен үйлесетіні туралы ой қорытты.
Айта кетейік, бұл мерейтой Қазалы ауданында өз жалғасын табады. Атаулы күні ауыл тұрғындары үшін басқа да мерекелік шаралар, аймақтық жас ақындар мүшәйрасы, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс, жыраулар фестивалі, республикалық ақындар айтысы, палуандар күресі, бәйге өткізіледі.

 

 

 

 

 

 BAQ.KZ
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРахат Мамырбек, журналист, саясаттанушы: “Үстемдік пиғылы қарсылық тудырады”
Next Article Моңғолдың «ноқталы аюының» жамбасын сындырған Қайысбай балуанды қазақ жұрты біле ме?

Оқи отырыңыз...

Сайлау және марафон

26/04/20152

Алматыда Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджаваның үйлену тойы өтті (фото)

19/04/20151

Қазақстанда құны $10 млн болатын мешіт ашылады (ФОТО)

15/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.