1949 жылдың 29 тамызынан бастап ядролық сынақтар жүргізілген Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек болып келді.
2Семей полигонындағы сынақтан кейін пайда болған «Атом көлі».
3Семей полигонының орнында жүрген журналистер. 1 қазан 1991 жыл.
4Семей полигонындағы бұрынғы сынақ алаңдары. 18 маусым 2009 жыл.
5Атом қаруы сыналған маңдағы радиация деңгейі әлі қауіпті. 22 тамыз 2011 жыл.
6Семей полигоны аймағында туған адамдардың бірі — Уәлихан Серікқалиев. Семей, 2009 жыл.
7Полигон аймағында туған қолы жоқ суретші және белсенді Кәріпбек Күйіков.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы маусымның 25-і күні Шығыс Қазақстан облысына барған сапарында «бір жарым миллион гектары бар бұрынғы полигон аумағында радиация жоқ екенін, ондағы жердің жарамды екенін» айтты. Экологтардың кейбірі ол пікірмен келіспейді. Суретте: Президент Назарбаев Семей полигоны жарылысы құрбандары ескерткіші алдында тұр. 18 маусым 2009 жыл.
azattyq.org


