Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қазақ шежіресі»Шежіре — Ноғай-Қазақ
Қазақ шежіресі

Шежіре — Ноғай-Қазақ

18/11/20142
  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы©Алаш айнасы иллюстрациясы

Ноғай-Қазақ — Кіші жүз құрамына кірмейтін ру немесе ноғай ұлтының қазақ арасына сіңіп кеткен бір бөлігі. 1740- жылдары патша өкіметі өзара алауыздықтың кесірінен онсыз да ыдырай түскен ноғайларға қатты қысым көрсеткен. Тіпті Г.А.Потемкин мен А.В.Суворовтың бастауымен қанды қырғындар ұйымдастырылған. Патшадан қысым көрген Ноғайлының бір бөлігі Орынбор губерниясына қарасты Жайық өзенінің саласы — Самардың бойын паналайды.
«Алаш айнасы» интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.
Бірақ олар мұнда да тыныштық көрмейді. Ұлт ретінде жойылу, шоқыну қаупі туғаннан кейін Ноғайлы батырлары Кіші жүз ханы Нұралымен келіссөз жүргізеді. Нұралы хан ноғайлардың Кіші жүзге көшіп келуіне қарсы болмайды. Сөйтіп 18 ғ-дың орта шенінде (1750 ж.) 25 үй ұрлана көшіп, Кіші жүзге жетеді (Орынборда қалған ноғайлар татарға сіңіп немесе орыстанып кеткен.) Нұралы Себекберіштің Саржала батырын шақырып алып, қандас бауырларға жер беріп, үй тігуін тапсырады. Саржала ноғайларды Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Айдархан қолтығы деген жерге орналастырады. Ақтөбе облысында Оймауыт деген жер аты бар.

Ноғайдың бір тайпасы — Оймауыт он рудан тұрған: Шәйзада, Шаймардан, Қазбек, Дулат, Үйсін, Құлақ, Қияс, Қосын, Қапқай, Тама. Қазақ арасына көшіп келген төрт рудың Үйсіннен басқасының аты өзгерген. Қойды көбірек ұстап, ауқатты тұрған қиястар «қояс» аталған. Жиын-тойларда алғырлығымен, ұтымды сөзімен көзге түскен құлақтарға «қазанқұлақ» аты таңылған. Жылқы өсіріп, қара санынан қабырғалығына асырып айқырта қос таңба салатын қосындарға «қостаңбалы» аты берілген. Бұл руды «төрт таңбалы ноғай» деп те атайды.

Ноғай-Қазақтар 1801 ж. Бөкей сұлтанмен бірге түгелдей Еділ мен Жайық аралығына көшкен. Ноғай-Қазақтар күрт өсіп, 1829 ж. 500, 1889 ж. 2000 түтінге жеткен. Ал 1926 ж. Кеңес өкіметінің санағы бойынша Орал округінде (Талов, Жәнібек, Орда, Азғыр болыстарында) ноғайлар басқаратын 5696 шаруашылық отбасы болған. Ноғайлардан ел басқарған, өнерімен топты жарған көптеген адамдар шыққан. Қоястың Оразақайынан туған Нияздың ұлы Шомбал Жәңгір ханның он екі биінің бірі болса, оның ұрпағы Ы.Шомбалов қазақтың алғашқы жоғарғы білімді дәрігерлерінің санатынан орын алды. Оразақайдан өрбігендердің бірі атақты ақын Ғұмар Қараш болса, онымен аталас М.Ықсанов Орал облысын 11 жыл басқарып, өлке тарихына елеулі із қалдырды. Бұлардың арғы аталары — белгілі жырау Шәлгез (Шалкиіз) Тіленшіүлы. Сол сияқты қостаңбалыдан тармақты күйлердің шебері Жұрымбай және Ш.Бөкеевтің жанында болған күйші Ж.Асанов шыққан. Ноғай-Қазақтар қазіргі кезде негізінен Жәнібек, Казталов, Бөкей ордасы ауданында мекендейді.

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

Alashainasy.kz 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҰлттық құрамаға кірмейтін чемпион
Next Article Бейбіттер клубы құрылды

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.