Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Спорт»Мың палуанды жеңген Нұрқадыл ақсақал туралы естіп пе едіңіз?
Спорт

Мың палуанды жеңген Нұрқадыл ақсақал туралы естіп пе едіңіз?

27/11/20141

  Үйдің жақсы болуы ағашынан, Жігіттің жақсы болуы нағашыдан дегендей Нұқаңның палуан болуы нағашы жұртына тартқан алып денелі анадан туған нағыз алып жігіт еді. Жастайынан-ақ жылқыларды жалынан тырп еткізбей ұстап жүгендеп жүрген Нұрқадыл көзге түссе бастайды.Төлек руының палуандары Қалден, Ордахан, Қаматайлар Нұрқадылдің келешек палуан боларын сезіп, оны өз бауырларына тартып баули бастайды.

Тоқтарбай ұлы Нұрқадыл 1925 жылы Улаанхус өлкесінің Қызылтөбе маңындағы домбырашылдығымен танымал Бейіс зәңгі (Бешең,Қалақша) ауылында дүниеге келген. Әкесі әділ де турашыл,бірбеткей, халқына,әсіресе, ауылдастарына беделді адам болған. Азғана мал дәулетін қанағат тұтып, оны бағып, қағып өсіріп және де іскерлікпен шұғылданатын адам еді. Нұрқадылдің анасы атақты Қырыққанбас Назар батырдың қарындасы. Ол Алтайда қыз күнінде жігіттермен жарысқа түсіп , жеңіске жетіп жігіттерді тізе бүктіріп, жауырындарын жерге тигізген қыз палуан атанған алып денелі, нагыз мықтылардың мықтысы болған. Осы палуан қыздың Азанбай,Түсіп деген екі бауыры болган. Олар Алтай,Ховдаға аты жайылган жауырындары жерге тиіп көрмеген палуандар болса керек..

 

Нұрқадыл ақсақал

1944 жылы Улаанхус сұмынында Естімес ұлы Садуге ас беріледі. Ас берудің 2-күні ас судан соң ең атақты Төлек, Саңырау руының палуандары барған екен. Төлек жағының жігіттері жас бала Нұрқадылді ертіп барыпты. Сонда Моңғол күреспен 40-тай палуан белдесіп, 1-орынға Р.Қаматай, 2-орынға Ойғыр сұмынының Тотпақ палуаны, 3-орынға бала палуан атанған Нұрқадыл иеленіп халық қошаметіне бөленеді. Соның алдындағы бірнеше жыл бұрын Баян-Өлгий аймағы орнауының 4 жылдық тойында соңғы 4 палуанның біріне қалып елге танылған. Осыдан кейін-ақ оның атағы халыққа жайыла бастаған. 1951жылы халық төңкерісінің 30 жылдық тойына орай Улан-баатарга шақырумен барып, 1024 палуанмен белдесіп, 5-кезеңде қарсыласын жығып, Моңғол елінің ұлттық күресінің арнайы Лашын деген атаққа ие болды. Моңғолиядағы аз қазаққа мерей болып сондағы қандастарын спортқа әсіресе күреске деген қызғушылығын оятқан спорттық жеңістерінің бірі еді. Содан былай 1951, 1952, 1953, 1954, 1955 және 1962 жылдары Баян-Өлгей аймағында 6-рет ағалап ерен күш иесі екенін дәлелдеген еді. 1951жылы Улаанбаатардағы күресте Хөвсгөл аймағының мемлекеттік Лашын Ванчиді жығып моңғол палуандарын сескендіреді. Кей жылдары еліміздің қала аймақтарынан палуандар Нұқаңды жықпақ болады. 1952-жылы Увсы аймағынан Гэлэг Баян-Өлгийге келіп Нурқадылға шамасы жетпей жығылып қайтса, 1964жылы Ховда қаласының 200 жылдық тойында болған палуандар сайысында соңғы төртте қалып, күш иесі екенін танытады. 1969 жылы аймағымызда өткен палуандар масшықатында Моңғол елінің чемпионы Б.Тувдэндоржыны жыққан. Нұрқадыл алып күш иесі болумен қатар қоғамдық еңбекке нағыз мықты өз ісіне төселген жан болды. 1944 жылы Улаанбаатардан сауда техникумын үздік бітіріп мамандығы бойынша аймағымыздың Буянт сұмынында есепші, Улаанхус, Ойғыр, Өлгий қатарлы жерлерде 42 жыл жемісті еңбек еткен. Нұқаңның еңбегі кезінде бағаланып келді. Еңбек құрмет медалымен 2 рет Халық төңкерісінің 25,40,50 жылдық мерекелік медальдар , үкімет орнауының құрмет грамотасы, қаржы-қаражат саласының бірнеше рет сый құрметіне бөленген. Оның қажырлы алып күш иесі болғаны еліміз бен аймақ тарихында ерекше орын алуда.Өз дәуірінің танамал ел қадірлеген спортық түлғаларының бірі еді. Нұрқадылдың спортық табыс,еңбегін жас ұрпаққа насиқатау ұлгі түтыу мақсатында Баян-Өлгий аймақтық спорт комидеті жыл саиын Нұрқадыл атындағы Моңғолдың Ұлттық күресінен аймақтық Чемпион сыналту жарысын жүргізу дәстүрге айналып келеді.

 

Нұрбек Жанарбек

baq.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСерік Ахметов өзіне тағылған айыппен келіспейтіндігін айтты
Next Article Білге қаған (шамамен 681 – 734 жж.)

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.