Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында орын алған лаңкестік оқиғаның салдарынан кемі 15 адам қаза тауып, тағы 14-і түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды BBC News.
Қанды оқиға жұма күні орын алған деп жазады Синьуа агенттігі. Дереккөздің мәліметінше, көз жұмғандардың 11-і лаңкестердің өзі. Олар көшеге шығып, тамақ сатылатын дүңгіршіктерге қарай жарылғыш заттар лақтырған. Сондай-ақ, алдынан шыққан адамдарды пышақтай беріпті.
Айта кету керек, соңғы кезде Шыңжаңда жергілікті ұйғырлар мен ұытайлықтар арасындағы жағдай ушығып барады. Биылдың өзінде мұнда ұйғыр сепаратистерінің қатысуымен бірнеше лаңкестік оқиға тіркеліп, ондаған адам қаза тапты.
baq.kz


