Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын көтеру және Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын көтеру және Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі

01/12/20140

Елбасы шараға қатысушыларға арнаған сөзінде тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекеттік күзет қызметі құрылғанын айтты.

– Сіздер тәуелсіздікті нығайтуға атсалысасыздар, мемлекеттік механизмнің тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, қауіп-қатерлерге қарсы тұрасыздар. Сіздердің қызметтеріңізді, бәлкім, бүкіл халық көрмейтін болар, бірақ сіздер жауапкершілік ауқымы зор жұмыс атқарасыздар. Қызметті лайықты атқару үшін тәртіп, үлкен машық пен жоғары моральдық дайындық қажет. Өздеріңізге жүктелген сенімді абыроймен ақтайтындарыңызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қазақстандықтардың 23 жыл бұрын тарихта бірінші рет бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Мемлекет басшысын сайлағанына тоқталды.

– Бүкілхалықтық сенімге арқа сүйей отырып, мен 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігін жарияладым. Сол себепті де Тұңғыш Президент күні мен алдағы ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні арасында тығыз байланыс бар, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы офицерлерге мықты денсаулық, Отанымыздың игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

Рәсім барысында Мемлекеттік әнұранның әуенімен резиденция алдындағы тутұғырға Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы көтерілді.

Қазақстан Республикасының рәміздеріне әскери құрметін өтеген парадтық есептоп сарбаздары «Ақорда» алдындағы алаңда сап түзеп өтті.

Байрақ республика елордасындағы Қазақстан Президентінің резиденциясында тұрады, ал Мемлекет басшысының сапарлары кезінде басқа резиденцияларда, Республика Президентінің көліктерінде болады.

akorda.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШыңжаңда тағы қантөгіс орын алды
Next Article Қазақ хандығының хандары

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.