БӘСЕНТИІН РУЫ туралы түпнұсқалардағы алғашқы естеліктер XVIII ғасырдың басына жатады, бірақ рудың бұдан да ерте құрылғаны анық. Қазақ шежірелеріне жүгінетін болсақ бәсентиіндердің шығу тегі мына түрде берілген: Арғын – Қотан – Дайырқожа (Ақжол би) – Қарақожа – Қарасопы – Бәсентиін.
Бәсентиін руының құрылуын басқа да арғын рулары сияқты шартты түрде XVI ғасырға жатқызуға болады.
XVIII ғ. басында Қазақ хандығына жойылып кету қаупі туған еді. «Первое десятилетие XVIII в. было ужасным временем в жизни киргизского народа. Джунгары, волжские калмыки, яицкие казаки и башкиры с разных сторон громили их улусы, отгоняли скот, уводили в плен киргизов целыми семействами», — деп жазды Ш.Уәлиханов. Әсіресе жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы қатты тиген еді, бұл уақыт халық жадында «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалды. Көптеген қазақ тайпалары осы кезде ортаазия мемлекеттерінің территорияларына кетіп қалған еді, ал арғын руының үлкен бөлігі Бетпақ дала территориясында орналасқан болатын. М.Тынышпаев жазғандай, басқа тайпаларға қарағанда арғындар көп зардап шекпеген, және басқыншыларға қарсы күресті үнемі арғынның батырларының басқаруы жөніндегі деректер де осы жағдаймен байланысты болса керек. Сөйтіп бүкіл халық болып қарсыласудың алдыңғы қатарында Малайсары, Барлыбай, Сырымбет және т.б.сияқты бәсентиіннің аңыз болған батырлары жүрген.
Жоңғарларға тойтарыс берген соғыстар жаңа құрылған Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан басқа да қазақ руларын еліктірді. Мысалы 1731-1732 жылдарда Қазақстанда болған Ресейдің елшісі А.И.Тевкелев оны былай атап өтті «Средней Орды знатная старшина Казебек-бий своим родам, называемой аргин-каракисяк, с четырмя тысячами кибитками уже при бытности ево, бригадира Тевкелева, прикочевал в здешнюю степь, и в каком состоянии Казебек-би со своим родом пришел, едва не все были пешие…». Осыған байланысты алынған жерлерін өз руластарына қалдыра отырып бәсентиіндер Баянауыл бағыты бойынша солтүстікке қарай жылжыды. Солай деп Н.Н.Балакшиннің (1882 ж.) баяндамасында жоңғарлармен соғыстағы арғындардың әрекеті былай хабарланды: «двигались тремя партиями. Прежде из-за Каратауских гор к р. Чу и к Улутавским горам направились момуны, состоявшие из двух союзов бегендык и чегендык; в числе их были рода: атыгай, богыс, канджигалы, табуклы, серджетим чакчак, басентеин, караул. Далее басентеин и табуклы ушли к Баян-аулу.
«1903 жылдағы қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдарда» да солай көрсетілген: «приход рода Басентиин приходится на начало ХVIII века»; «По видимому, Басентиинские роды пришли в Павлодарский уезд из Туркестана раньше Суюндуковских родов»; «Внук младшего сына Айдабола – Олжабай батыр, служивший Абылайхану, в 1730 году появился в Баянаульских горах. Олжабай здесь достал калмыков, которые после долголетней борьбы были отброшены киргизами на юг».
Арғынның атығай, қарауыл, қанжығалы сияқты руларымен қатар бәсентиіндер де аты аңызға айналған Абылай ханның жолын ұстаушысы болатын және олар ханның көптеген жорықтарына да қатысқан. Түпнұсқаларда байқалғандай XVIII ғ. аяғында бәсентиіндер өз ұлыстарында өздеріне сұлтан етіп Абылайдың туысқанын сайлайды. Солай деп И.Г.Андреев 1780 жылы хабарлады: «Волость басантейская, в которой старшины, разделенные за многолюдством по частям, в форпосте Долонском Жеины Алыбаев и Курульса Атаяков. Подвластных оных кибиток 30. Сей же волости старшина Булдак-батыр. Кочевье свое имеет прямо станца Черемуховой Забоки в степи от реки Иртыша в 200 верстах в каменных горах Кыржак и продолжается сия волость кочевьем своим вниз по реке Иртышу, даже по крепость Ямышевскую. И старшины по частям Бикнул Баркеев и Бустабай Аталыков. А главным старшиною выбрали ныне для командования над собой из волости дюртаульской Тюря-султана, сына Урустана. Но главным в сей волости почитается Урус-султан, сын Султамамет-султана, жалованный при дворе Ее Императорского Величества в бытность его в Москве при коронации золотой медалью… В сей же волости басантеинской считается кроме жен и детей лучших людей до 3500 человек».
Халық шежіресіне жүгінетін болсақ бәсентиін руы мынадай тармақтарға бөлінеді: Ақмайдан (Көкшекоз), Бекмайдан (Апай), Тоқмайдан (Қатыс), Жанай батыр, Бөрі, Бесен, Бұқақұбыр. Жанай батырдың (Балықшы түрікпен) үш ұлы болған: Сырым, Күшік, Ақтілес.
Түпнұсқа құжаттардағы Сырым руы туралы алғашқы естеліктер аты аңызға айналған тұлға – Малайсары батырмен байланысты («Малайсары-Тархан» мақаласын оқыңыз).
1725 жылы қазіргі Павлодар облысының Май және Баянауыл аудандарының территориясында Малайсары батырдың озат әскерлері қалмақтарды белсенді түрде ығыстырады. 1732 жылы Малайсары батыр, Олжабай батыр, Бөгенбай батыр (Қанжығалы) қазіргі Ақшиман (Сиректас) ауылының территориясындағы тауларда шешуші айқасқа шығады. Соңыра бұл тауларға «Қалмақ қырған» атауы берілген. 1903 жылдағы Щербины экспедициясының материалдарында былай көрсетілген: «Группа объединяется общим родоначальником Досымом, когда то Тактаулом было образовано кыстау на урочище Шать»; «Аулы образованы сыновьями родоначальников Кара и Сексенбай». Аңызға айналған«Қалмақ қырған» тауларының қасындағы ел қонған жерлер жоңғарлармен болған Отан соғысы барысындағы Сырым руының шешуші ролін дәлелдейді.
Біздің руымыздың атақты ұлы – Малайсары батырдың, оның ағасы Қайдауылдың және олардың аталастары: Сағындық батыр (Сексен), Жайнақ батыр (Қара-Тоқсан), Айбас батыр (Абыз), Әбде батыр (Мұрат), Құттымбет батырлардың (Жалаң) көптеген ерліктері халық жадында сақталған.
Орта жүздегі саяси-құқықтық жағдайды реттейтін және территориялық бөлу жүйесін реформалайтын «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қабылданған соң 1832 жылы қырға подполковник Бутовскийдің экспедициясы жіберілді. Бұл кісінің алғашқы материалдарында құрылып жатқан Баянауыл округында бәсентиін руының 2129 үйі тұратыны оған 345 сырымның отбасы енетіні көрсетілген. Баянауыл сыртқы округы құрылған соң бірнеше жылдар бойы Сырым руының жеке болысын құру туралы мәселе көтеріліп келді (Алғысөзде 1835 жылғы құжат келтірілген).
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Сырым руының негізгі бөлігі (Досым, Сексен, Тоқсан, Мұрат, Қожа, Нияз бөлімшелері) Баянауыл сыртқы округының аумағында көшіп жүрді. Жалаң-Құттымбет бөлімшесі Семей сыртқы округының шегіндегі Қалмақ қырған мекенінің шығыс жағында көшіп жүрген.
1840 жылы аға сұлтан Тұрлыбек Көшеновтің (сұлтан дегеніміз «Сібір қырғыздарының Шекаралық басқармасында» қазақтардан аға кеңесші) басшылық етуімен Жалаң-Құттымбет бөлімшесінің 140 үйі Омбы уезінің (Покровская болысы) аумағына көшіріледі. 1902 жылдағы «Омбы уезінің қырғыздарының жер пайдалануы жөніндегі материалдарда» жазылған: «Все старшинство принадлежит к роду Срым, здесь живут уже лет 60: пришли из Павлодарского уезда с урочища Калмак-Кырган и образовали четыре кыстау на урочищах Тастыкуль, Джаркайин, Сыркумген и Бурнак, из этих аулов впоследствии выделились остальные аулы группы. Сюда собрал их старший султан Акмолинского округа Турдубек Кошенов». Кейінірек Қарасырым және Сарысырым ауылдары құрылған. Бұрынғы Покровская болысының территориясы қазіргі уақытта Сілеті-теңіз көлінің айналасындағы Көкшетау, Петропавл, Омбы облыстарының құрамына кіреді.
1860 жылы Сырым руының 60-тан астам үйі (Жанболат бөлімшесі) Төлебай сал Есбергенұлының жетекшілігімен Ақмола уезінде (қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданы) орналасқан Айтқожа-Қарпық болысына (Тоқа руы, болыс басқарушысы – Шоң Телғозин) қайта көшеді. Төлебай сал (1823-1898, Сырым-Жанболат) – ақын, шешен, сал адам болған және би Шоң Телғозиннің жақын туысы әрі досы.
1868 жылы жеке «Сырым-Күшік-Бәсентиін болысы» құрылған еді (бұрын Бәсентиін болысының құрамына енген). 1878 жылы жаңадан «Қалмақ қырған болысы» атауын алады, ал 1887 жылы Ақсу болысының құрамына кіреді. 1898 жылы Сырым руы жеке Бестау болысы болып 6 ауылымен бөлініп шыққан. 1923 жылы тағы да Бестау болысы мен Атағозы (үш ауыл) бірігіп бұрынғы «Қалмақ қырған болысы» атымен аталады. Ал 30-жылдардың аяғында болыс таратылады да Баянауыл ауданының құрамына кіреді.
«Мұрағат материалдары» бөлімінде рулардың орналасуы жөніндегі тарихи мәліметтер, ауылдардың көрінісі, 1830 бен 1926 жылдардағы халық санақтары берілген. Старшиналар, билер және болыс басқарушылары туралы мәліметтер бар, мекендердің, қыстаулардың атаулары келтірілген, басқа да құжаттар берілген.
1836 жылы Сырым руының ересек адамдар саны (Павлодар уезінде тұратын) 2744 адамды құрайды. 1915 жылы – 3485 адам. 1920 жылы Бестау болысының санақ деректері бойынша – 3305 адам. 1925 жылы – 1646 адам.
XX ғ. басталуымен және Кеңес үкіметінің орнауымен қатар біздің руымыздың тарихындағы ең ауыр жылдар басталған еді. Келтірілген статистикалық деректер бойынша 1916 жылдағы көтерілістің, азаматтық соғыстың, 1919-1921 жылдардағы аштық пен соған байланысты басқа да құбылыстар салдарынан халық санының күрт төмендеуі байқалады. Бірақ, басты қайғы әлі алда болатын. 1929-1932 жылдардағы сталиндік коллективтендіру халықтың үштен бір бөлігінен көбін алып кетті. Руымыздың көптеген өкілдері Алтайға, Ресейдің оңтүстік облыстарына, Қазақстанның оңтүстігіне, Қытайға қашуға мәжбүр болды. Ақырында 1938 жылы бұрынғы Бестау болысының халық саны 503 адам ғана болды. 1939 жылы күннің жылынуымен олардың барлығы бірдей қайтып келе алған жоқ. Ауыр соғыс жылдары да көп жандарды жалмап кетті.
Барлық қазақ халқының басына түскен қиын-қыстау және сынақ жылдарына қарамастан Сырым руы сақталып қалды және тәуелсіз Қазақстан дәуірінде оның саны үздіксіз өсуде. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданының территориясы біздің руымыздың отаны болып табылады. Бүгінгі күнде ол жерде біздің ағайындарымыз тұрып, жұмыс істеп жатыр. Көбі Екібастұз, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Омбы, Астана қалаларында тұрады.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
Alashainasy.kz


