Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»5 ЖЕЛТОҚСАН. ЖАЛПЫҚАЗАҚТЫҢ ІІ СЪЕЗІНІҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ!
Тарих

5 ЖЕЛТОҚСАН. ЖАЛПЫҚАЗАҚТЫҢ ІІ СЪЕЗІНІҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ!

05/12/20141
5 ЖЕЛТОҚСАН. ЖАЛПЫҚАЗАҚТЫҢ ІІ СЪЕЗІНІҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ!

5 ЖЕЛТОҚСАН. ЖАЛПЫҚАЗАҚТЫҢ ІІ СЪЕЗІНІҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ!
Съезге Алаш қайраткерлері жер-жерге телеграмма жолдап шақырған.

Орынбордан телеграм

10-ші ноябрь. Қай жерде болсын бүлік басталды, басылатын емес. Қырғын талау шығуға таянып тұр. Біреуге біреу сенуден қалды. Өштік, дұшпандық күшейді. Озса әрбір жұрт, қалса әрбір кісі бас қорғайтын күн туды. Біздің қазақ істің болары болып қалған соң ғана біледі. Өзге жұрттай алдын болжап, қаһарын түйген қатерден қайтсе құтылар қамын қылмайды. Дүниені өрт шалып, адамдықтан айуандық озып кеткенін көрмейді, ойламайды. Мына басталған бүліктің ауыр салмағы қазақта қалып, уыты бізден тарқайтын көрінеді. Қолымызды айқастырып қарап отыратын заман өтті. Жанды, малды, қатын-баланы қырғын талаудан қорғайтын күн туды. Кел, алаштың баласы! Талаудан жола қалам десең, өзіңді өзің бақ, өз алдыңа жеке бақылаушы (милиция) жаса! Сенетін елің, бекем тұрар ерің жоқ. Әркім өз басының қамында. Қапылыста кідіріп, кешеңдеуге орын жоқ. Басқаға тиме, елікпе, желікпе. Бірақ басыңды қорға, сотқарлық, содырлықты таста!
Біз жұмыстың аса керектігі һәм шұғылдығына қарап, жалпы қазақ сиезін жасамақ болдық. Құрметті ақсақалдар, көзі ашық оқығандар, 5-ші декабрьге қарсы Орынборға келе көріңдер, бас қорғаудың қамы – милиция жасауды кеңесеміз. Бүкіл дүние жүзін дірілдетіп, қорқытып тұрған һалакет теңізінде құрбандыққа шалынып, талауға ұшырайтын көрінеміз. Дүниеде бар болу мен жоқ болу жұмбағы кездесті. Ел сеніп, тілін алып, айтқанына ұйитын үйез басы екі ақсақал һәм обласной комитеттен екі зиялы жігіт өкіл болып, айтқан 5-ші декабрьде Орынборда болсын. Біздің сиезіміз болатын кезде жалпы казак атаулының әскерлерінің сиезі болады. Сонда біздің де сөйлесуіміз керек.
Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов,
Бірімжанов, Ғұмаров, Досжанов.
«Сарыарқа» газеті, № 20.
13 қараша, 1917 ж.

ЕРТЕҢ - 5 ЖЕЛТОҚСАН. ЖАЛПЫҚАЗАҚТЫҢ ІІ СЪЕЗІНІҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ! 

 Bolat Mursalim facebook парақшасынан алынды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАРАМ ШӨПТІҢ АҚЫРЫ
Next Article Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба

Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.