ҚР Дін істері комитеті жыл басынан бері интернет кеңістігінде 8 мыңнан астам діни сайтты тексеріп, сараптама жүргізген. Нәтижесінде 244 сайт теріс деп танылып, ел аумағында жұмысын шектеу туралы ұсыныс тасталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлім етті.
«Жүргізілген сараптама нәтижесінде 100-ден астам бейнематериал теріс пиғылды деп саналып, оларды ел аумағында таратуға тыйым салынды. Сондай-ақ халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында жыл басынан бері 17 мыңнан астам түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 11 мың ақпараттық материалдар мен кітаптар жарық көрген» дейді ол.
baq.kz


