Қазан қаласындағы осы бір тарихи ескерткіш өзінің сәулет өнеріндегі шешімімен талайды таңғалдырып келе жатыр. Ерекше мәнермен салынған бұл мұнараны түрік халқының ортақ мұрасы деуге болады. Оқымыстылар мұнараның не үшін салынғанына әлі күнге дейін нақты жауап бере алмауда. Біреуі Нұралы мешітіне жапсарлас соғылған нәрсе десе, енді бірі оны Сүйінбике сұлудың күйеуі Сапагерейге арнап салған кесенесі екенін айтады…


