Ж. Бейсенбайұлы
Астана қ., Қазақстан
1990 жылдың 22-наурызында тұңғыш саны жарық кӛрген «Ана тілі» газетінің
алғашқы кезекте қолға алған шаруаларының бірі – қазақ шежіресін жинақтау болғаны
ғылыми ортаға жақсы мәлім. Кеңестік ӛктем саясаттың салдарынан талай уақыт бойы
қазақ топырағында шетқақпай күй кешу мәжбүрлігіне ұшыраған шежіретану саласын
жаңғырту мүддесін алға қойған бұл бастама жұртшылық тарапынан кәдімгідей қолдау
тапты. «Ана тілі» апталығының шежіре жолдаушыларға дұрыс бағдар беру мәселесін
ойлап, соған дейін жарық кӛрген еңбектердің ғылыми тұрғыдағы ең сүбелілері қатарында
саналатын — 1925 жылы Ташкентте басылған Мұқаметжан Тынышбайұлының «Қазақ
халқының тарихына қатысты материалдар» («Материалы к истории киргиз-кайсацкого
народа») атты кітабындағы «Қазақ руларының шежіресі» атты тарауын қазақшаға
ықшамдап аударып, оған қоса ғылыми айналыста бар басқа мәліметтерді қатарластыра
беріп, сызба-кесте түрінде тарқатып жариялауы ұтымды тәсіл болып шықты. Сондай-ақ
деректердің қате тұстары болса, түзетуді ӛтінген ұсынысымыз да ел кӛңілінен табылды.
Қалың жұртшылық ӛздерінде бар шежірелерді жүйе-жүйесімен реттеп, газетімізге жіберу
үстінде кӛптеген түзетулер де жасады. Шежірелер әсіресе «Ана тілі» газетінің 1991
жылдың қаңтарында 111 мың тираж жинап республикалық қазақша апталықтар ішінде
суырылып алға шыққан жылы тіптен мол түсті. (Сол кезеңдерде газетке жолданған 2
мыңдай шежіре бүгінде осы жолдар авторының жеке мұрағатында сақтаулы). Осы орайда
қолымызға бұрын зерттеушілерге мәлімсіз талай құнды мұралар да іліккен еді. Бұл ретте
әсіресе Сейдаққожа Жүсіпұлы сынды даңғайыр шежірешінің 1885 жылы Бұхарада жарық
кӛрген «Қазақ тайпаларының тарихы» атты сүбелі еңбегін ерекше атау ләзім [1, 92-107
б.].
1991 жылдың Наурыз мейрамы күні «Ана тілі» апталығы тарапынан қазақ шежіресін
жинақтау ісінде тағы да бір зор шаруа атқарылды. Мейрамға арнайы шығарылған
мерекелік нӛмірдің ортаңғы айқара бетін алып Ақселеу Сейдімбектің кӛп уақыт кӛз
майын тауысып түзген «Қазақтың тӛр шежіресі» атты белгілі плакатының газеттік
нұсқасы жарық кӛрді [2]. Тӛр шежіреге газет бетінде берген түсіндірмесінде, сол кезде
М.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты қолжазба бӛлімінің меңгерушісі
болып істейтін А. Сейдімбек қазақ шежіресін жинақтаудың ғылыми салмағын арттыруға
септігін тигізетін біраз ұсыныстарды да ортаға тартқан еді. Онда ел ішінен жолданатын
шежірелерді тарқату барысында белгілі тұлғаларға қатысты мәліметтерді де бере кету,
олардың ӛмір сүрген ғасырын, туған және ӛлген жылдарын кӛрсету, әр рудың патша
заманында қанша болыс болғаны, қай жерде қоныстанғаны туралы деректер, рулардың
ұраны, таңбасын қоса беру, әрбір ру туралы айтылатын мәтел сӛздер, теңеу сӛздер, сол
рудың пайда болуы, белгілі аталарға есімін берген аналар туралы аңыз-әңгімелер, ру
тарихындағы елеулі оқиғаларды арнайы жазу, шежірелердің кімдерден жеткені, ол
кісілердің қай кезде ӛмір сүргені, руы кӛрсетілуі керектігі, тӛрелер мен қожалар
шежіресінің де жіберілгені жӛн болатыны туралы мәселелерге де назар аударылған
болатын.
Осы тӛр шежірені «Ана тілі» газеті бетінде жариялау және жеке плакат түрінде
шығару арқылы жинақталған мол мәліметтің А. Сейдімбектің 17 жылдан кейін, 2008
жылы жарық кӛрген «Қазақтың ауызша тарихы» [3], атты үлкен зерттеуіне қажетті құнды
дереккӛздерге айналғаны да мәлім. Оны автордың ӛзі аталған кітабында «қолға түскен сол
шежірелік айғақ-деректерді хал-қадірімше жүйелеп, хатқа түсіру қажеттігіне күн ӛткен
сайын кӛз жетіп, кӛңіл құлшына түсті. Ақыры, ӛз тарихы туралы халықтың ӛз айтқанын http://www.enu.kz
жинап-теріп ӛзіне қайтаруға бел буған жай бар» [3, 4-5], деп атап та кӛрсетеді. Осы
орайда шежірелік дәйектерге ерекше мән беретін автордың ӛз атына келген ол
мәліметтермен ғана шектеліп қалмай, кезінде біздің қолымызда жинақталған екі мыңдай
шежірені де түгелдей қарап шыққанын қаперге сала кеткіміз келеді. Бұл ретте ӛз
басымыздың да Алматы қаласында кіреберісі бір үйде он жылдай кӛрші боп тұрған
уақыттарда Ақаңның бай кітапханасын мейлінше мол пайдаланғанымызды айта кетсек те
артықтық етпес. Ол кісінің үйінде үлкен кітапханалардың ӛзінен де табыла қоймайтын
талай құнды әдебиеттердің кездесетіндігі Ақаңмен таныс-біліс біраз жұртқа жақсы
белгілі. Кӛне тарихқа қатысты шығармашылық ізденістеріміз барысында, сол қалың
дереккӛздердің ішінен қалағанымызды алып, оқып тұру мүмкіндігіне ие болған
артықшалау жайымызды да жасыра алмаймыз. Әсіресе «Қазақ шежіресі» [1] кітабын
дайындау кезінде мұның кӛп пайдасын кӛрдік. Бұл орайда бір ғана патшалық Ресей
тарапынан 1896-1903 жылдары Далалық ӛлкені зерттеу үшін арнайы жүргізілген Щербина
экспедициясының мәліметтері жинақталған 13 томдық құнды еңбектің Ақаңның үйінде
болғанын айтсақ та жеткілікті. Ондағы Алаш ардақтысы Әлихан Бӛкейхан жинақтаған
шежірелік мәліметтер, ата тарқатудың сызба-кестелері біздің жұмысымызға ерекше
кӛмегін тигізген еді. Олардың арасынан ашаршылық жылдары үрім-бұтақтары қырғынға
ұшыраған, сол себепті ата тарқатулары табылмай отырған бірқатар рулардың сілемдерін
де жолықтырған болатынбыз…
А. Сейдімбектің қазақтың этногездік тарихына қатысты қыруар ғылыми әдебиет
бен шежірелік айғақ-деректерді кең кӛлемде пайдалану арқылы, оларды осы заманғы
зерттеу әдістерінің талғам-талабына сай зерделеген «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінің
құндылығы туралы сӛз ету барысында, бүгінгі күні шежірелік мәліметтерді халқымыздың
шынайы ғылыми тарихымен сабақтастыра қарастыруда жаңа мүмкіндіктер туындап
отырғандығына да мән беру аса маңызды. Бұл ретте соңғы жылдары халықтардың түпкі
тарихын қайта пайымдауға зор үлес қосып жатқан ДНҚ-генеалогия зерттеулерінің
нәтижелеріне арқа сүйеу — қазақтың этникалық тарихының кӛптеген түйткіл тұстарының
ақиқатын ашуға сүбелі септігін тигізер еді деп ойлаймыз.
* * *
Соңғы жылдары ғана сенімді ғылыми дәйектер қатарына қосылған ДНҚ
(дезоксирибо-нуклеин қышқылы) зерттеулерінің жаңа сипатты әдіс-тәсілдері арқасында
түрк текті жұрттардың талай мыңжылдықтарға кететін тарихының даусыз нақтылана
басталуының шежіретануға да тікелей қатысы бар. Молекулалық генетика саласының
кейінгі жойқын жетістіктері жалғыз қазақ ғана емес, күллі түрк жұрттарына ортақ ежелгі
тайпалар тарихын қайтадан жаңаша пайымдау, шынайы дәйектеу ісіне зор үлес қосары
күмәнсіз.
Қазір ДНҚ мәліметтерінің аталық, аналық гаплотоптарының талай мың жылдық
түзілу тарихын қаузаған генетикалық зерттеулер нәтижесінде, адамзаттың ең алғашқы
қауымдарының бұдан 80 мың жылдай уақыт бұрын Араб түбегінің оңтүстік-батыс
мүйісіндегі қысаң Баб әл-Мандаб бұғазы арқылы Африка құрлығынан азиялық бетке,
қазіргі Йемен жаққа қарай ӛткені ғылыми түрде дәлелденіп отыр [4]. Әдетте ер адамдарға
тән Ү-хромосома гаплотобы әліпбилік тәртіп бойынша А әрпінен Т әрпіне дейін
белгіленетіні белгілі. Генетиктер Африкадағы алғашқы һомо сапиенстерге А гаплотобы
тән болса, оған кіндіктес ӛрбіген ВТ гаплотобы Африканың солтүстік-шығыс жағында
құралды деп есептейді. Азия құрлығына қарай 80 мың жыл бұрын ӛткен адамдарға сол В
зәузатынан тараған қосарлы СF және D, E гаплотоптары тән болыпты. Осылардың
арасындағы F бұтағынан кейіннен G, H, IJK ӛскіндері тармақталады. 55-50 мың жылдай
бұрын Месопотамияның, бүгінгі Иран мен Үндістанның оңтүстік аумақтарында түзілген
IJK құрама тобынан алдымен I және J гаплотоптары бӛлініп, I тармағына қатысы бар
жұрттар кейіннен Еуропаға қарай беттесе, J бұтағынан тарайтын қауымдар сол аймақтың
оңтүстік бетінде қоныстанып қалыпты. K зәузатты жұрттар әуелі Парсы теңізінің теріскей http://www.enu.kz
бетін Үнді түбегіне дейін мекендейді. Әрі қарай Үнді (Инд) ӛзенін ӛрлей келіп, Хайбер
асуы арқылы Памир мен Тәңіртаудың (Тяньшань) батысына шығып, Әмудария мен
Сырдария алаптарына жетеді. Осы K бұтағы соңыра кәдімгідей ӛнімді ұрпақтың басына
айналады. 50-45 мың жылдай уақыт бұрын одан тараған NOP құрама гаплотобына ие
қауымдар Арал теңізінен шығысқа қарай жатқан байтақ аймақтарды қоныс етеді. Бұл
құрама зәузаттың әрі қарай бӛлінуі барысында O бұтағының біраз бӛлігі оңтүстік-шығыс
Азияға, N гаплотобы шығысқа қарай бағыт алады. Ал Р гаплотобы болса, Орталық
Азияны жайлап қалады. Ол осы аймақта ағайындас Q және R топтарына таралады.
Американдық үндістердің негізгі аталық гаплотобы да осы — Q. Оның жақын туысы,
еуропеоид тұрпатты R бұтағы бұдан 20 мыңдай жылдай шамасы бұрын R1а, R1b
тармақтарына бӛлінеді. АҚШ-тың биохимия профессоры А. А. Клесов осы R1а – кейіннен
протоүндіеуропалық тілде, ал R1b — прототүрк тілінде сӛйлеген жұрттардың ең әуелгі
тектері еді, деп дәлелдейді [5]. R гаплотобынан тараған қауымдардың әуелгіде
түпкітүрктер болғандығын пайымдауға – ол зәузаттың Тәңіртау мен Шығыс Түркістаннан
Байкӛлге дейінгі аймақтағы әуелгі түзілген мекенінде бүгінгі күндері де ғұмыр кешіп
жатқан түрк тілінде сӛйлейтін жұрттар молекуласында осы гаплотоптың байырғы R1b1
бұтағына тән белгілердің ұйыса ұшырасуы бұлтартпас айғақ боп табылған-ды.
Ал жоғарыда аталған ежелгі F гаплотобының сыңары, әуелгі түп-тегі Араб түбегінің
күнгейінде бұдан 70-60 мың жыл бұрынғы шамада түзілген С діңгегі қауымдарына тән
кейінгі кӛші-қон сілемдерінің бір бағыты — Үнді ӛзенін ӛрлей Кашмир арқылы Қашғар
жазығына шығып, Тәңіртауды шығысынан айналып Ұлы Дала кеңістігіне беттегені
нақтыланған. С3 гаплотобы ретінде таңбаланған ол зәузат кейіннен моңғол, тұңғыс-
мәнжу, бірқатар түрк халықтары, жапон және корей жұрттарына тән генетикалық
белгілердің біріне айналды [4]. С гаплотобының оңтүстік теңіздерді жағалай жылжыған
келесі қауымдары — Қытай, Австралияға дейін жетіп сол аймақтардың автохтондары
ретінде танылды.
Аталық Ү-ДНҚ гаплотоптары бұтақтарының сызбасы
Әйел жыныстылардың тектік жүйесін құрайтын «митохондриалды ДНҚ” (мт-
ДНҚ) гаплотоптары да осындай күрделі түзілімдерден тұрады. Ол бойынша адамзаттың
ілкі африкалық дәуірлерінде L таңбасымен белгіленген әлденеше түпкі гаплотоптар
болыпты. Соның L3 зәузаты ғана Африкадан Азияға ӛтіп, 80-70 жылдай уақыт бұрын, http://www.enu.kz
одан M макротобы және 67 мың жылдай бұрын екінші N макротобы таралыпты. Африка
құрлығынан тыс гаплотоптардың бәрі осы екі бұтақтың ұрпақтары. Генетиктер арасында
аналық мтДНҚ-ның М зәузат тобынан C, Z, D, E, G, Q; N тобынан B, F, H, V, J, T, U, K, A,
S, X, Y, W гаплотоптарынан тарайтындығы жүйеленген. Осылардың ішінде Азияның
моңғол тұрпаттыларында — A, B, C, D, E, F, G, Y, Z тектері тән. Американдық үндіс
жұртының аналық мтДНҚ-сы да дәл осы тізбекте бар A, B, C, D және X түрлерінен
түзілген. Бұл гаплотоптар қазіргі түрк текті халықтардың да негізгі аналық зәузаттарын
құрайды.
Һомо сапиенстердің Орталық Азия аумағына 50 мың жылдай бұрынғы шамаларда
алғаш аяқ басуын олардан қалған археологиялық сілемдер де жоққа шығармайды.
Тәңіртаудың батысындағы Обирахмат, Құлбұлақ, Ходжакент, Худжи; Алтай ӛңіріндегі
Қарабом, Усть-кан, Қаракӛл, Денисов, Окладников үңгірлеріндегі ежелгі адамдар
пайдаланған тас құралдар түзілімінде де тӛл нышандарымен байқалып жатыр.
Археологтар оларды осы ӛңірлерде 45-40 мың жылдар аралығында бір-бірімен сабақтаса
пайда болған, жасалу тәсілдері біркелкі леваллуалық құралдар деп табады. Олардың нағыз
һомо сапиенстерден қалған жәдігерлер екендігін соңғы жылдарда Денисов, Обирахмат
тұрақтарынан табылған ежелгі адам қаңқалары да даусыз дәлелдеп берді. Адам
сүйектерінің жасы сол 45-40 мың жылдай бұрынғы дәуірлерге дӛп келетін болып шықты
[6; 7; 8].
Егер бұл деректерді ДНҚ-генеалогиялық мәліметтермен сәйкестендіре қарар
болсақ, ол әлгінде ғана сӛз еткен К-ден тарайтын NOP гаплотопты қауымдардың Орталық
Азия аймағы бойынша жылжыған бағытымен кәдімгідей үйлеседі. Осындағы Р
зәузатынан Тәңіртау мен Алтай-Саян аралығындағы ұланғайыр аймақта 36-30 мың
жылдай бұрын бір-біріне кіндіктес түпкітүрктік Q, R гаплотоптары ӛреді. Олар кейіннен
іргелес ӛңірлердегі аталық жағынан ағайындас С3, О, N, D; аналық А, В, D, F, Х
гаплотоптарымен аралас-құраластыққа түсіп, алтайлық жұрттар бірлестігінің алғашқы
негіздерін қалады.
Гаплотоптар түзілімін бұлайша жеке-жеке атауларымен тәптіштей жіктеп
жатуымыз да бекер емес. Ӛйткені қазақ шежіресіне енген тайпалар мен рулардың
әрқайсысына тән гаплотоптар туралы сӛз ету барысында, осы жоғарыда тілге тиек болған
зәузаттық атауларды да қайтадан ұшырастырамыз. Сонда қазақ халқының құрамындағы
жұрттардың түп-тегінің қайдан ӛрбігендігі, қайдан пайда болғандығы да ӛз-ӛзінен шым-
шымдап тарқатылады.
* * *
Бұл орайда қазақ руларының ДНҚ-генеалогиялық белгілерін нақтылау барысында
қазақстандық бір топ жас зерттеушілердің ұйымдастыруымен бірер жылдардан бері қолға
алынған «Қазақтың ДНҚ жобасы» атты қызметтің кӛп шаруаларды атқарып жатқанын
атап ӛтуге тиіспіз [9]. Ӛздерінің ДНҚ мәліметін білгісі келген әрбір адамның тілегін
орындауға, олардың анализдік жұқпаларын Американың Хьюстон қаласындағы Family
TreeDNA компаниясының зертханаларына жіберу мәселесін жүйелеу арқылы, қай
зәузаттың қай гаплотипке жататынын анықтау ісін жолға қойған осы қызметтің
арқасында, қазақтың бірталай рулары мен аталарының түпкі генетикалық тектері де
айқындалып жатыр [10].
Мәселен, биылғы жылғы қыркүйек айының соңына таманғы мәлімет бойынша, осы
ДНҚ жобасы бойынша қазақ ұлтына жататын 225 адамның аталық Ү-хромосомалық
тексеруден ӛткені кӛрсетіліпті. Олардың арасында Ұлы жүзден 76, Орта жүзден 28, Кіші
жүзден 49, жүзге жатпайтын рулар, тӛрелер мен қожалардан 43 адам болыпты. Осы
кейінгі мәліметтерді одан бұрын да жүргізілген әртүрлі ғылыми зерттеулердің
нәтижелерімен сабақтастыра байыптағанда, қазақ халқының құрамының түбі азиялық,
орталықазиялық әртүрлі гаплотоптардан құралған рулар мен тайпалар бірлестігі
екендігіне кӛз жеткіземіз.http://www.enu.kz
Ұлы жүзге жататын албандар арасында аталық С3 гаплотобы да, С да, еуропалық
R1a1 гаплотипі де кездесіпті. Дулаттың жаныс, шымыр, сиқым руларының тексеруден
ӛткен азаматтарына С, С3, С3d тән болса, жаныстың бір азаматының гаплотипі
еуропалық J2 екені анықталыпты. Ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылылардың да
кӛбіне С3, сондай-ақ С зәузаттылар екені нақтыланыпты. Шанышқылыға жататын
қатағанның бір азаматына J2, жалайырдың балғалы және мырза аталарының тексеруден
ӛткен екі ӛкіліне еуропеоидтық R1a1а гаплотиптері тән болыпты. Қарақалпақ жерінде
тұратын қаңлылардың біраз ӛкілдерінің R1b1a1, сондай-ақ R1a1 гаплотипті болуларына
қарағанда [11], қазақтың Ұлы жүзіне енетін қаңлылар мен жалайырларды да
еуропеоидтық R гаплотобынан ӛрген ұрпақтар ретінде жорамалдауға болатын сияқты.
Орта жүзге жататын арғындардың генетикалық зәузаты тосын нәтижелерге қол
жеткізгені біраздан белгілі. Олар негізінен G1а гаплотипінен тұратын боп шықты.
Арғынның мадияр руының тексеруден ӛткен адамдарының 87 пайызын осы зәузат
құрапты. G негізінен жоғарыда кӛрсетілгендей, Оңтүстік-Батыс Азияда (кей болжамдар
бойынша Үндістанның Кашмир ӛңірінде) пайда болған, жыл санауымыздың бастапқы
ғасырларында сарматтардың зәузат түзілімінде, бүгіндері осетин, грузин, қарашай, балқар,
венгрлерде молырақ ұшырасатын гаплотоп ретінде есептеледі [5, 309-310]. Бұл зәузаттың
арғындарға тән болуының жай-жапсарын қаузау — зерттеушілерді қызықты тақырыптарға
жетелері анық. Арғындарда сонымен бірге С3, С, О, R1a, R1b гаплотоптары да кездеседі
екен. Атығай руының бабасан атасынан тарағандардың кӛбі R1a1а түрін құрапты. Ал
бұлардың бәрі әуелгіде Орталық Азияда ӛркен жайған этнотектерге жатады. Мұндағы R1b
— біз жоғарыда сӛз еткен түпкітүрктік гаплотоптың нақ ӛзі. Қазақ ішінде осы зәузаттың
R1b1a1 нұсқасының негізінен қыпшақтарға кӛбірек ұшырасатыны анықталды. Бұл дәйек
арғы жазба тарихы жыл санауға дейінгі дәуірлерден басталып, кӛне түрк заманында
билеуші тайпа атанған, кейіннен Дешті Қыпшақ ұлысының іргесін нығайтқан
қыпшақтардың Ұлы Дала аумағындағы автохтондық орнын да аңдатады. Қыпшақтарда
сондай-ақ түбі орталықазиялық О3 те, арғындарға тән G1 гаплотобының да кездесетіні
айқындалды. Наймандардың басты зәузаттары ретінде түбі арғығұндық, арғыалтайлық С3,
О зәузаттары танылып отыр. Ӛкіреш (Белгібай) наймандарға О3а3с1; ергенекті, елата
тармақтарына С3с гаплотиптері тән келетін сыңайлы. Керей мен уақта негізінен С, С3,
C3d, О кездеседі екен. Осындағы C3d қоңыраттардың да басты зәузаты.
Кіші жүз руларының негізінен С, С3, С3с гаплотоптарынан тұратыны байқалады.
ДНҚ-генеалогиялық тексеруен ӛткен әлім, табын, беріш руларының ӛкілдеріне С3, адай
мен жаппасқа С, шеркеш, байбақты, алашаға С3с гаплотипі тән болыпты [9; 10].
Қазақ руларының ӛкілдеріне жүргізілген ДНҚ зерттеулерінің нәтижелерін
парықтағанда, Ұлы жүздің қаңлы, жалайырдан басқалары мен Кіші жүзде, сондай-ақ
керей мен уақта С, С3, С3с гаплотоптарының кӛбірек ұшырасатынын, яки олардың әуелгі
түп тектерінің туыс екендігін байқау қиын емес. Оларға қарағанда Орта жүз рулары әр
сипаттылығымен кӛзге түседі. Арғындарға — G1а болса, найманға — О3а3с1, О3а3с1;
қоңыратқа — C3d, қыпшаққа — түпкітүрктік R1b1a1 зәузаттары тән болғанына қарап,
қазақтың ру-тайпалары да негізінен осы аталған ірі гаплотоптардан құралатыны
бағамдалады.
Бұлардың дені (арғындардың G1а зәузатынан басқалары) бұдан 50 мың жылдай
бұрын Үнді түбегі жақтан: бір қанаты — Тәңіртау мен Памирді батысынан айнала ӛтіп
Орталық Азия аумағында ӛркен жайған NOP құрама гаплотобынан тараған (N-нен — угро-
фин жұрттары, P-тен — Q, R бұтақтары) жұрттар болса, екінші қанаты – Тәңіртауды
шығысынан айналып, мамонтты ӛрістерге қадам басқан, арғығұндық, жалпыалтайлық С3
ӛскіндерінің ұрпақтарына жатады. Ұлы Даланы екі жақтан қаусырған бұл жұрттар талай
мыңжылдықтар бойы араласа-құраласа, талай айқастар мен шайқастарды бастарынан
кеше жүріп, бір-бірлеріне ықпал-әсерлері тиген ӛзектес мәдениеттердің негізін қалады.
Ақырын-ақырын арғыалтайлық, түпкітүрктік тілдердің түзілімдерін құруға атсалысты.
* * *
Бұл ретте Сібірде Зырян мұз дәуірінің екінші кезеңі ретінде танылатын ызғарлы
Сартан мұз дәуірі (ж. с. д. 22000-10000) заманында Орталық Азия мен оған жапсарлас
ӛңірлерде ӛткен этникалық үдерсітерге қатысты да сӛз ете кеткен жӛн секілді кӛрінеді.
Аталған мұз дәуірінің адамзат қауымы үшін алапат қиындықтарды алып келгені мәлім.
Сірескен суықтан Сібірдің ірі ӛзендерінің Солтүстік мұхитқа құяр салалары биіктігі 30-40
метрлік мұз жоталарымен бітеліп қалуына байланысты, жойқын судың ілгері ӛте алмай,
кейін қарай лықсуы салдарынан Енесей мен Оралтаудың арасын түгел кӛмкерген зор
Батыс Сібір теңізі пайда болғаны мәлім. Ақыры ол теңізге де сыймаған су Торғай иіні
арқылы Тұран ойпатына ақтарылып, Каспий мен Арал теңіздері ұшы-қиырсыз Тұран
мұхитының астында қалады [12]. Бүгінгі Қазақ жерінің батысы мен теріскей тұстарын,
Алтай-Саян жағын мекен еткен қауымдарға мұзды топан су мен сұрапыл аяздан күнгейге
қашып құтылғаннан басқа амал да жоқ еді. Батыс беттегі жұрттардың дер кезінде
қозғалып үлгергендері Мұғалжар, Үстірт жоталары арқылы Кӛпетдағтың қойнауларына
іліксе, солтүстік-шығыс жақтың ызғарлы суығынан ыққан қауымдар Сарыарқа тӛсі,
бүгінгі Шығыс Түркістан (Шыңжаң) жері арқылы климаты жұмсақтау Іле, Тарим
алаптарына, Жетісуға, Сырдария, Зеравшан мен Әмударияның бас сағаларындағы
жазықтарға, Тәңіртау, Памир тауларының ықтасынды қойнауларына жетіп жан сақтайды.
Сол ыққан жұрттардың қатарында аталық R1а, R1b, С3, О гаплотоптары да бар еді.
ДНҚ-генеалогия саласының ірі маманы, профессор А. Клесовтың дәлелдеуінше, R1а
зәузатының біраз бӛлігі сол дәуірлердегі бірнеше мың жылдық кӛші-қон барысында Тибет
арқылы Гималай айнала, Үндістан түбегіне дейін жетіпті. 12-11 мың жылдай бұрын Иран
үстіртін жайлаған олар, 11-10 мың жыл аралығында Анадолы түбегін қоныс етіпті. 10 мың
жылдай бұрын Босфор мойнағы арқылы Еуропаға қарай ӛздерімен бірге алғашқы
түпкіүндіеуропалық тіл сипаттарын алып ӛтіпті. Кейінгі ғылыми зерттеулер осы R1а
гаплотобы да әуелде түпкітүрк тілінде сӛйлеуі мүмкін деген болжамды алға тартады.
Қытай зерттеушілері соңғы жылдары аталған гаплотоптың Шығыс Түркістанда қалған ең
ежелгі гаплотиптерін тексерген кезде, олардың тек түрк және алтайлық жұрттар арасында
кездесетінін нақтылады. Бұл бір жағынан, R гаплотобынан тараған қауымдарға әуелде
түпкітүрктік, түпкіалтайлық тілдер тән болғанын кӛрсетеді. А.Клесовтың пайымдауынша,
R1а зәузатының жұрттары үндіеуропалық тілге кейіннен ауысқан. Олар оны Еуропаға
беттеген жолында, шамасы 10-11 мың жыл бұрын Иран мен Анадолы аймақтарында басқа
жұрттардан қабылдап алған немесе Балқан түбегіне жеткеннен кейін ғана сол тілдің
бастапқы түзілімдері дүниеге келген [13].
Осы Сартан мұз дәуірінің басталуынан туындаған жӛңкіліс кезінде R1b
түпкітүрктік гаплотобы да дербестелу үдерісін бастан ӛткереді. Бұл зәузаттылардың дені
жаңа ғана айтып ӛткен Орталық Азияның күнгейіне қарай қоныс аударғандар қатарында
болған еді. Оңтүстік аймақтарда әлденеше мың жыл тіршілік кешкен бұл түпкітүрктік
жұрттар Кӛпетдағтың теріскей баурайлары мен Каспийдің оңтүстік-шығысын қаусыра
жатқан Елбурс тауларының бӛктерлерінде мезолит, неолитте ӛркен жайған Бельт, Хоту,
Жейтун сынды әйгілі мәдениеттердің әуелгі негізін қалауға да араласады. Кезінде
Кембридж (Ұлыбритания) университетінің археология профессоры К. Ренфрюдің жыл
санауға дейінгі ХІІ мыңжылдық шамасында осы ӛңірлерде түпкіалтайлықтардың ӛмір
сүруі мүмкін деген болжамы [14] бүгіндері осылайша ДНҚ-генеалогия арқылы да
дәлелденіп отыр. Сондай-ақ белгілі орыс археологы Г. Коробкованың күнгей-шығыс
Каспийдегі Гари-Хамарбанд, Хоту, Балқантау мәдениеттерінің жыл санауға дейінгі 11-10
мың жылдардағы тас құралдарына тән геометриялық микролит әдістерін кейінгі
мезолиттік мыңжылдықтарда Солтүстік Каспий, Жайық пен Жем алаптарынан табылған
құралдар түзілімімен ұқсатып, оларды этникалық тегі жағынан туыс қауымдар жасаған
болуы керек [15], деп дәйектегені де (әрине, кеңестік кезде оларды арғыалтайлықтар,
арғытүрктер деп айта қою қиын еді) біз тілге тиек етіп отырған сол түпкітүрктік негізге
меңзейді. http://www.enu.kz
Мұз дәуірінің сұрапыл суығы қайтып, Тұран теңізі тартылғаннан кейін, саны
кӛбейген түпкітүрктік R1b жұрттары қайтадан тоң құрсауынан босаған оты шүйгін
қоныстарды қуалай теріскейге беттейді. ДНҚ-генеалогия мәліметтері бойынша, сол кері
миграция барысында олардың 13 мың жыл бұрын Солтүстік Каспий ойпатына жеткен
бӛліктері туралы А.Клесов ӛз еңбектерінде: «олар сероглазов мәдениетінің (13-11 мың
жыл бұрын), ортаеділ мәдениетінің (8-7 мың жыл бұрын), самар (7 мың жыл бұрын),
ортастог (7500-5500 жыл бұрын), хвалын (7-6 мың жыл бұрын), кама
мәдениеттерінің (7-5 мың жыл бұрын) негіздерін қалады. Соңыра олар көнешұңқыр
мәдениетін (6500-4300 жыл бұрын) түзген соң, қосалқы R1b1b2-М269 тармағын
құрап, бірнеше бағыттарға тарады» [16] деп жазды. Белгілі ғалымның осы ретте R1b
қауымдарының бір бӛлігі Кӛкшетау ӛңірінде «бұдан 6500-5500 жыл бұрын жылқыны
қолға үйреткен Ботай мәдениетін түзді», дейтін тұжырымының да маңызы аса зор.
Әлемде бірінші боп жылқыны бас білдірген бұл мәдениеттің түпкітүрктік сипаты бұрын
еуропа ғалымдары тарапынан айтылған емес. Ғылыми әдебиеттерде Ботайды және
жаңағы Сероглазов мәдениетінен бастау алатын еділ-жайықтық, ұлыдалалық
археологиялық үрдістерді әдетте «үндіеуропалық» жұрттарға телуге бейіл беріліп
жататын. ДНҚ-генеалогиялық мәліметтер бұл біржақты ұстанымның да қате екенін
нақтылады. Сӛйтсе бұл мәдениеттер дүниеге келген замандарда Орталық Азияның осы
аймақтарына «үндіеуропалық» тілде сӛйлейтін «арилерге» тән гаплотиптер әлі Балқан
жақтан жетпеген болып шықты. ДНҚ мәліметтері бойынша, олар Еділ-Жайық ӛңіріне ж. с.
д. дейінгі 2000 жылдар шамасында ғана аяқ іліктіре бастапты. Сол себепті де Кӛкшетау
аймағындағы Ботай мәдениетін ғана емес, Сарыарқа мен Карпат арасындағы далалық
ӛңірлерді қамтыған кӛнешұңқыр мәдениетін (ж. с. д. 4500-2300) де арилік R1а
гаплотобына телуге еш келмейді екен.
Ал осы мәдениеттерді құрушы түпткітүрктік R1b қауымдарының батысқа қарай
жылжыған бірер толқыны сол замандарда-ақ Қара теңіздің теріскейі арқылы бүгінгі
Польша мен Германия жеріне жетсе, оңтүстікке беттеген екінші тармағы 6000 жыл бұрын-
ақ Кавказ арқылы Анадолыға қадам басып, 5500 жыл бұрын шумерлерге айналып (шумер
ұрпақтарының 40 пайызы R1b1b2 гаплотипі), 5000 жыл бұрын Африкаға асып, 4800 жыл
бұрын Гибралтар арқылы Пиренейге ӛтіп, Франция арқылы Ла-Манш бұғазына дейін
жетіп, Еуропаны батыс жақтан қаусыра бастаған еді. Олар осы жылжыған бағыттарында
ӛздерімен бірге түпкітүрктерге (түпкіалтайлықтарға) тән агглютинативті (жалғамалы)
тілдерді алып жүрді. Олардан қалған нышандар қатарында агглютинативті шумер, баск
тілдерін атауға болады. R1b қауымдары ұғынысқан сол жалғамалы түпкітүрктік тіл
Еуропаның кей жерлерінде жыл санауымыздың 10-шы ғасырларына дейін қолданыста
болыпты. Алайда сол замандардан бастап, біртін-біртін R1а қолданған үндіеуропалық тіл
де қатар пайдаланылып, ақыр соңында үстемдікке сол жетіпті. Тілдері ӛзгергенмен, қазіргі
Еуропа халықтарының арасында осы R1b гаплотобынан тараған ұрпақтар кӛптеп
кездеседі. Мәселен, ол зәузат генеалогиялық тексеруден ӛткен баскілердің — 88,1 %,
испандардың — 70 %, бельгиялықтардың 63 %, итальяндықтардың — 40 %-іне тән екен
[5, 727-773].
ДНК-генеалогиялық зерттеулердің еліміз жұртшылығы арасында әлі кең кӛлемде
жүргізіле қоймағанына қарамастан, қазіргі кезде осы R1b зәузатынан тарайтын R1b1a1
гаплотибінің қазақ арасында негізінен қыпшақтарға, ішінара қаңлыларға тән болуы, талай
мыңжылдықтар бойы атамекенімізде ұласқан бірыңғай этнотектік сабақтастықты да паш
етеді. Бұл ретте осы гаплотиптің кӛршілес башқұрт, түрікмен, ӛзбек, ұйғыр, қазақ, татар,
тыба, шұбаш халықтарының зәузаттарында да біршама кездесетінін айта кеткен жӛн. Осы
түпкітүрктік түзілім және оған ағайындас R1a1а, арғығұндық, жалпыалтайлық,
орталықазиялық С, С3, С3с, О3а3с1, О3а3с1, C3d, N гаплотипті жұрттар нешеме
жүздеген ғасырлар бойына қатар тіршілік кеше жүріп, орта ғасырларда қазақ халқы
атауымен топтасқан тайпалар бірлестігінің негізін құрады. Қазақ ордасы атанған осы
ұлыстың кӛкірегі даңғыл, санасы сергек тұлғаларының қолға алуымен, басқа жұрттардың http://www.enu.kz
кӛбінде ұшыраса бермейтін тайпалар мен рулар шежіресі — «қазақтың ауызша
тарихының» (А.Сейдімбек) дәстүрлері орнығып, ол сипаты мен сынын кӛп бұза қоймастан
бүгінгі күнге дейін жетті. Ол қазір әр қырынан зерделенетін ғылыми еңбектердің
тақырыптарына да айналып жатыр. Осы орайда шежіретануға ДНҚ-генеалогиялық
зерттеулер тұрғысынан келу де қазақ тарихы үшін тосын түйіндер ұсынуы мүмкін.
ӘДЕБИЕТ
1. Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. А: Атамұра-Қазақстан, 1994. 160 б.
2. «Ана тілі» газеті. 1991, №12. 21 наурыз.
3. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. Астана: Фолиант, 2008. 738 б.
4. Оппенгеймер С. Изгнание из Эдема. М.: Изд. Эксмо, 2004. 640 с.
5.Клѐсов А.А., Тюняев А.А. Происхождение человека (по данным археологии,
антропологии и ДНК-генеалогии). М.: Белые альвы. 2010. 1024 с.
6. Рыбин Е.П. Средний палеолит Алтая: к проблеме формирования раннего Верхнего
палеолита // Древности Алтая. Горно-Алтайск: 2001. С. 13-22.
7. Шпакова Е.Г. Одонтологические материалы периода палеолита на территории Сибири
// Археология, этнография и антропология Евразии. Новосибирск: 2001. №4 (8). С. 64-
76.
8. Кривошапкин А. И. Оби-рахматский вариант перехода от среднего к верхнему
палеолиту в Центральной Азии // Автореферат диссертации на соискание ученой степени
доктора исторических наук. Новосибирск. – 2012.
9. Казахский ДНК проект // http://forum.molgen.org/index.php/topic,403.0.html
10. Данные по казахам и их родам // http://www.familytre…ection=yresults
11. Сабитов Ж.М., Даулет Б.С. Гаплогруппы и гаплотивы 50-ти каракалпаков // The
Russian Journal of Genenik Genealogy (Русская версия): т. 4, №1, 2012 г. 83-90-б.
12. Карнаухов А.В., Карнаухов В.Н. Новая модель оледенений в Северном полушарии
//Институт биофизики клетки РАН, Сайт об изменении климата Земли.
www.poteplenie.ru/doc/karn-golfst5.htm
13. Клесов А.А. Древние («неиндоевропейские») гаплотипы гаплогруппы R1a1 в севере-
западном Китае // Вестник Российской Академии ДНК-генеалогии. 2010: т. 3, №6. С. 925-
941.
14.Ренфрю К. Разнообразие языков мира, распространение земледелия и
индоевропейская проблема // ВДИ. 1998. №3.
15. Коробкова Г.Ф. Мезолит Средней Азии и Казахстана // Мезолит СССР.
Археология СССР. М.: Наука,1989. — 352 с.
16. Клесов А. А. Миграционный путь гаплогруппы R1b в Европу и расселение в Европе
(критический обзор) // Вестник Российской Академии ДНК-генеалогии. 2010: т. 3, №10.
С. 1656-1657.
http://www.enu.kz


