ҚХР Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген Болат Бопайұлы аспирантураны атажұртта оқыды. Шыңжаңда жүргенде-ақ бірнеше кітаптары басылып шықты. Бүгінде этнография саласын терең зерттеп жүр. Салт-дәстүрді зерттеу академиясының академигі атанды. Оның қаламынан туған «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Қазақ кәделері», «Асыл қазына» сынды онға жуық айтулы еңбектері оқырманын жалықтырған емес. Жаңа 2015 жыл кірген тұста этнографтан қой жылы туралы сұхбат алған едік.
Тілші: Қой жылының ерекшелігіне тоқталайықшы. Оның өнімдеріне, бізге береріне тоқталсақ.
Болат Бопайұлы: Қой төрт түліктің ішіндегі ең қасиеттісі. Шығу тарихы арғы Рауриаттық өлкеден шыққан деген деректер бар. Қазақта айтады «қойдың сүті қорғасын, қойды қырған онбасын» дейді. Сондықтан қойдың жүні де, терісі де, еті де тіпті тұяғы мен мүйізі де кәдеге жарайды. Бақташылар қой бағып жүрген кезде, түсте үйге қайтпайды ғой сонда қойдың сап тұяққа сүтін сауып алады да, қорықтық дейтін болады соған тастап жібереді бор етіп қайнай қалады. Сол сүтті ішкен адамның 24 сағат бойы қарны ашпайды. Қой сүтін ішкеннің екі қолы балғадай, екі беті алмадай болады. Қойдың сары майы сиырдың, жылқының майларына ұқсамайды, ақтау келеді. Таңертенгі аспен бірге жейтін болса, ол таптырмайтын тамақ. Терісінен бөлек, мүйізінен әдемі әшекей бұйым жасаған.
Тілші: Енді осы қой туралы наным сенімдерге тоқталсақ?
Болат Бопайұлы: Ислам дінінде Құрбан айтта ИбраҺим пайғамбарға «көк қошқар» түскендігі айтылады. Қойды бағып жүріп, қойға тас лақтыруға болмайды, лақтырса, құт ырыс кетеді деген ырым бар. Қойды қарғамайды мысалы, жылқыға-талақ, түйеге-шелек, қойға-топалаң дейді. Егер қойды сауып отырып, топалаң деген сөзді айтып қалсаң, сүт таза болмайды, сосын жазылмас дерт айықпас ауру содан пайда болады. Абайсызда сол сөз ауыздан шығып кеткен жағдайда ол сүтті төгіп тастау керек деп ырымдайды. Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңірем бақтым деген бар.
Тілші: Бұған дейін қой жылы туралы қандай естеліктер қалды?
Болат Бопайұлы: Әр жылы қой жылы келген кезде «қойдан қоңыр, жылқыдан торы» айтады. Менің бала кезімде сол қой жылы маған табысты жыл болғаны есімде. Сол жылдары еңбектерім жарыққа көптеп шықты, халыққа қолдады. Қыста жапалақтап қар жауған кезде «ақ қой» келді, қара суық боран болса «мүйізі қарағайдай қошқар» деген ырым бар. Осы қой жылы да Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасымен кіргелі отыр. Қойдың атасы Шопан ата бастаған қошқар келді. Нұрлы көшпен бастаған жолымыз тек қана алға ақ жолмен басталады деп сенемін. Жаңа жылдарыңызбен.
Тілші: Сұхбатыңызға рахмет
baq.kz


