-
Мейрам — Орта жүздегі арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған бірлестік
Мейрам — Орта жүздегі арғын тайпасының құрамындағы бес рудан құралған бірлестік. Бес мейрам деп те аталады. Оған қуандық, сүйіндік, бегендік, (қозған) шегенді (қақсал), қаракесек (балтақожа) рулары кіреді. Мейрам рулары Ақмола, Атбасар, Қарағанды, Павлодар аймағында көп қоныстанған. Бұл бесеуіне қаракесектің маңында топтасқан шұбыртпалы және қамбар рулары да жатады. Таңбасы арғынның көз таңбасы , ұраны “Ақжол”.[1]
Alashainasy.kz


