Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»2015 жылы көрерменге жол тартатын Қазақстанның 8 төл фильмi
Жаңалықтар

2015 жылы көрерменге жол тартатын Қазақстанның 8 төл фильмi

16/01/20150

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігіне биыл көрерменге жол тартатын жаңа қазақстандық фильмдер туралы ақпарат ұсынды.     Асқар Ұзабаевтың «Жол» (Путь боксера) атты спорттық драмасы көше төбелесінің жас өкілі туралы баяндайды. Ол алматылық «барахолкада» нәпақасын тауып жүріп, түнде астыртын ұйымдастырылатын ережесіз жекпе-жектерде бағын сынап жүреді. Уақыт өте келе кәсіпқой бокстың даңғыл жолы — оның маңдайына жазылған тағдыр екенін ұғынады.

Қазақ көрермендеріне танымал болған Ермек Тұрсынов «Келін» және «Шал» кинотуындыларының жалғасын биыл түсіріп бітпек. «Кенже» атты экшн-триллер аталмыш трилогияның соңғы бөлігі болмақ. Бұл фильмде аға мен іні арасындағы тартыс суреттеледі. Ағасы адам өлтіруге тапсырыс қабылдап отырады, ал оны орындайтын — інісі.

Биыл экранға Ермек Шынарбаевтың «Дала үнi» (Голос степи) романтикалық мелордрамасы жарыққа шығады. Фильмнiң басты рөлiн француз актерi Жерар Депардье сомдайды. Бұл «Қазақфильм» мен француз кинематографтарының бiрлескен жобасы. Туынды желiсi бойынша франциялық Анатоль есiмдi акустика маманы мен Абай есiмдi қазақ жiгiттiң айналасында өрбидi. Олар қызық жағдайда кездесiп, одан шығар жолды бiрге табады. Фильм Париж бен Астана қалаларының рухани байланысы туралы әңгiмелейдi.

Сатыбалды Нарымбетов көрермендерге «Аманат» киносын  тарту етпек. Шығарма репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмаханов пен Кенесары ханның ұлт-азаттық қозғалысы туралы.

Досхан Жолжақсыновтың екiншi режиссерлiк еңбегi — «Құнанбай» көркем фильмi — қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы Абай Құнанбаевтың әкесi салған сара жол жайында.

Комедия жанрынан да биыл кенде қалмайсыздар. Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ ағашы» (Ореховое дерево) және «16 қыз» атты екi комедия ұсынылмақ. Бiрiншi фильм келiндi ұрлап кетумен байланысты. Барлығы ананың баласына немере сүю арманынан басталады. Ары қарай достардың көмегi, ұрыс-керiс, аздаған түйткiлдер, той және жаңғақтар. Екiншi фильмнiң сюжетi белгiсiз. Себебi оны «Қазақфильм» «KANAIDAR Production» компаниясымен бiрiгiп түсiредi.

   www.inform.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШетел қазақтарының кеңестік дәуірде атамекенге оралу тарихынан
Next Article Жырақта жайқалған бәйтерек

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.