Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»2015 жыл мемлекеттік этносаясатты жетілдіруде айқын бағдар болмақ — Динар Нөкетаева
Жаңалықтар

2015 жыл мемлекеттік этносаясатты жетілдіруде айқын бағдар болмақ — Динар Нөкетаева

20/01/20150
2015 жыл мемлекеттік этносаясатты жетілдіруде айқын бағдар болмақ - Динар Нөкетаева

2015 жыл мемлекеттік этносаясатты жетілдіруде айқын бағдар болмақ - Динар НөкетаеваҚазАқпарат — Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылы мемлекеттік этносаясатты одан әрі жетілдіру және Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі негізгі міндеттерді айқындап берді. Бұл біздің айқын бағдарымыз болмақ. Осындай ойымен Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Динар Нөкетаева бөлісті.

«Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты шарты еткен Ассамблеяға — 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд» ретінде танылды», — деді ол.

Ректор атап өткендей, бүгінде Елбасының этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісіне әлем назарын аударып, оны тынбай зерттеп келеді. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 56 мемлекеттің тіліне аударылды.

«Береке басы — бірлікте» деген қазақ халқы. Қазіргі Қазақстан қоғамының жаңару жолымен тиімді дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық түсіністікке байланысты. Осы маңызды рухани факторды жүзеге асыруда тікелей қызмет істейтін ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты — көпұлтты мемлекетімізді өзара татулық, әлеуметтік келісім, дінаралық түсіністік және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы елімізде тарихи жылға айналмақ. Бұл жыл мемлекеттік деңгейде маңызы зор мерейтойларға толы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» деп ерекше атап көрсетті. Бұл жыл Жаңа қазақстандық патриотизм моделін нығайтатын, ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөлге ие болатын жыл болмақ», — деді Д.Нөкетаева.

Оқу ордасы басшысының айтуынша, қазір университетте тек қазақ ұлтының ғана емес, қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тәжік, күрд, орыс, украин, кәріс секілді көптеген ұлттың қыздары білім алып келеді.

inform.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ БҰРЫНҒЫ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ МҰРАГЕРІ
Next Article Обама: АҚШ-та экономикалық өсім артты

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.