Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Обама: АҚШ-та экономикалық өсім артты
Жаңалықтар

Обама: АҚШ-та экономикалық өсім артты

21/01/20150
АҚШ-та экономикалық өсім арт

АҚШ-та экономикалық өсім артАҚШ президенті Барак Обама америкалықтарға арналған жыл сайынғы жолдауында «бірнеше жылғы экономикалық рецессия мен Ауғанстан және Ирактағы соғыстан кейін АҚШ-тағы дағдарыстың елесі өтті және қазір елдегі жағдай тұрақты» деп мәлімдеді.

АҚШ-та экономикалық өсім артқанын және елдегі кедейшілік деңгейі 5,6 пайызға дейін түскенін айтқан Обама «қазір тарихтың соғыс пен рецессиядан кейінгі жаңа бетін ашатын уақыт туды» деді.

Қараша айында республикашылар бақылауына өткен сенат пен өкілдер палатасының алдында сөйлеген Обама конгресті елде заманауи порттар, берік көпірлер салу, жүрдек пойыздар шығару және ұшқыр интернет байланысын дамыту жобаларын қолдауға шақырды.

Республикашыл саясаткерлердің көпшілігі бұған дейін Обаманың кейбір ішкі саясаттағы ұстанымдарына қарсылық білдірген. Жолдауда Обама конгресс мүшелерін бірлесе жұмыс істеуге және Демократиялық партия мен Республикалық партия арасында басараздық тудырмауға шақырған.

Халықаралық саясатқа қатысты Барак Обама «әскери күш-қуат пен берік дипломатияға» сүйене отырып «Американың көшбасшылық рөлі» стратегиясын жалғастыра беру қажет деді. АҚШ президенті «Пәкістаннан бастап Париж көшелеріне дейін еніп кеткен» террористермен аяусыз күрес жүргізуге уәде беріп, конгрестен радикалды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларына қарсы жаңа әскери күшті қолдауды сұрады.

Обама бұған қоса Вашингтон үлкен мемлекеттер шағын елдерге «тізесін батырмауы тиіс» деген ұстанымынан айнымайтынын да айтқан.

Барак Обама АҚШ Ресейдің басқыншылығына қарсы тұратынын және Украинадағы демократиялық өзгерістерді қолдайтынын білдірген.

Барак Обама Ресейге салынған санкциялар Мәскеуге ауыр тигенін айтып, Ресей президенті Владимир Путиннің әрекетін «стратегия мен күш-қуатын ойнату» деп бағалау қате деді. «Қазір АҚШ күшті және ол өз одақтастарымен бірге, ал Ресей оқшауланып, экономикасының талқаны шықты» деді Обама.

АҚШ президенті конгресс ұсынғандай Иранға қарсы санкциялар салу Тегеранмен ядролық бағдарламаға қатысты келіссөзді үзуі мүмкін екенін ескертті.

фяфеенйющкп

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article2015 жыл мемлекеттік этносаясатты жетілдіруде айқын бағдар болмақ — Динар Нөкетаева
Next Article Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кетті

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.