Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»ЕО мен Қазақстан әріптестігі: Экономикалық мүдде және адам құқығы
Сұхбаттар

ЕО мен Қазақстан әріптестігі: Экономикалық мүдде және адам құқығы

21/01/20150
ЕО мен Қазақстан әріптестігі: Экономикалық мүдде және адам құқығы

ЕО мен Қазақстан әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейтетін келісімге қол қою қарсаңында тұр. Қазақстандық сарапшы «бұл келісімнің өзегі – адам құқығы емес, экономикалық мүдделер» екенін айтады.

ЕО мен Қазақстан әріптестігі: Экономикалық мүдде және адам құқығы

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Қаңтардың 20-сы күні Брюссельде Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы алдын-ала келісім жасасты. 1999 жылғы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді алмастыратын жаңа құжатқа қашан қол қойылатыны белгісіз.

ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, жаңа келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастың нығаюына, қызмет көрсету мен инвестиция бойынша байланыстар артуына әсер етеді.

Қазақстанның Еуропа елдеріндегі бұрынғы дипломаты Қазбек Бейсебаев Азаттық тілшісімен сұхбатында ЕО мен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімнің жай-жапсарын түсіндірді.

Азаттық: – Еуропаның сыртқы әрекет қызметі сайтындағы баспасөз баянында бұл келісімді «демократия мен құқық үстемдігіне, адам құқығына баса мән беретін келісім» ретінде сипаттайды. Бұл келісім шынымен Қазақстандағы адам құқығы жайына әсер ете ме?

Қазбек Бейсебаев, бұрынғы дипломатиялық қызметкер. Алматы, 9 қыркүйек 2013 жыл.
Қазбек Бейсебаев, бұрынғы дипломатиялық қызметкер. Алматы, 9 қыркүйек 2013 жыл.

Қазбек Бейсебаев: – Ең әуелі бұл келісім өте жақсы қадам, дұрыс бағыт екенін айта кетейін. Бір нәрсені ұмытпаған жөн: Қазақстан – Еуропа үшін ең бірінші кезекте сауда-экономикалық әріптес. Кейбір азаматтар: «Еуропамен әріптестікті күшейттік. Енді ЕО басшылары Қазақстандағы адам құқығы мәселелерін айта бастайды» деп ойлауы мүмкін. Бұл – ағаттық. Мүмкін, бұл мәселелер ара-тұра көтеріліп қалар. Бірақ ЕО-ның өз шаруалары толып жатыр. Қазір барлық жерде дағдарыс. Ресеймен санкциялық соғыс болып жатыр. Қазір ЕО-ға не керек? ЕО-ға Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайту емес, тұрақты жұмыс жасау керек. Сондықтан мұнда басты мәселе – өзара мүдделер жатыр.

Азаттық: – ЕО Қазақстанның Орталық Азиядағы өзімен әріптес болған алғашқы ел екенін баса айтады. ЕО мен Қазақстанның жаңаша әріптестігі Астананың Еуразия экономикалық одағындағы (ЕАЭО) серігімен – Батыс санкциясына іліккен Ресеймен қарым-қатынасына қалай әсер етеді?

Қазбек Бейсебаев: – Менің ойымша, Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа әсер ете қоймайды. Бұл Ресейге де жақсы. Себебі қазіргі жағдайда Қазақстан Ресей мен Еуропа арасындағы көпір болып тұр. Бұл келісім – ЕАЭО-ға кірген Қазақстан үшін де керемет мүмкіндік.

Азаттық: – Қазақстан соңғы он шақты жылда ЕО-ға көбі мұнай өнімдерін құрайтын, құны 24 миллиард еуролық өнім экспорттап, ЕО-дан 7,5 миллиард еуроның өндірістік тауарын, машина мен құралдарын алған. Қазақстан ЕО-ға көмірсутек шикізатынан басқа тағы не ұсына алады, ЕО-дан не ала алады?

Қазбек Бейсебаев: – Қазақстанның не ұсынуы мүмкін екенін нақты айта алмаймын. Қазір экономиканы диверсификациялап жатыр ғой. Қазақстанның бір ерекшелігі бар – Еуропа бізден ақша жасай алады.

Еуропаның инвестициясы бізге өте керек. Атом өнеркәсібі саласында Франциямен біріккен жобаларымыз бар. Испанияның «Тальго» вагондарын шығарып жатырмыз. Францияның спутниктерінен үмітіміз бар. Германия келсе, жақсы болар еді. Сондықтан Еуропамен әріптестіктен біз тек ұтамыз.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет!

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАЯГӨЗ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
Next Article Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.