Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсін
Жаңалықтар

ЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсін

25/01/20151
ЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсін

ЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсінЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг жүргізу миссиясы басшысы Ертугрул Апакан сенбі күні Мариуполь қаласын артиллериялық қарудан атқылауды айыптады. Ол бұл оқиғаны жан-жақты тексеруге және жанжалға қатысушы тараптарды атысты дереу тоқтатып, келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.

ЕҚЫҰ қаңтардың 24-і күні Мариуполь қаласының «Град» әскери артиллериялық қарудан атқыланғаны анықталғаны туралы хабарлаған. Соңғы ақпараттар бойынша, сенбі күні Мариупольдің тұрғын үйлер кварталдарына түскен әскери снарядтардан 30 адам қаза тауып, 90-нан астамы жараланған.

Бұған дейін Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі өкілі Федерика Могерини «ашық әскери жанжалды» одан ары ушықтыру бейбіт тұрғындар арасында қайғылы жайттарды көбейтеді деп мәлімдеген. Ол оқиғаның бұлайша жалғасуы Ресей және ЕО арасындағы қарым-қатынасты одан сайын нашарлатып жібереді деп ескерткен.

Сенбі күнгі Мариупольдегі оқиғаға байланысты ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін өткізу үшін Украина президенті Петр Порошенконың Сауд Арабиясынан шұғыл елге қайтқаны туралы хабарланды.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШығыс Украинада тағы да көп адам қаза тапқан
Next Article ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА БОЛДЫ

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.