Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА БОЛДЫ
Жаңалықтар

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА БОЛДЫ

25/01/20150
ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА БОЛДЫ Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан Источник: http://mod.gov.kz/index.php?id=1759

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА БОЛДЫ  Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан Источник: http://mod.gov.kz/index.php?id=17592015 жылғы 22 қаңтарда Ақтауда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесіне ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын табыс ету салтанатты рәсімі өтті. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын кеме командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісовке табыс етті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов: «Ең бастысы, «Сарыарқа» — отандық өндірістің төл өнімі. Егемендік жылдары әлеуеті артып, экономикасы асқақтаған, сол арқылы қорғанысын қамдап, қауіпсіздігін арттырған мемлекетіміздің ақталған мерейі. Күндіз-түні туған еліміздің, әр үйіміздің түзу түтіні мен кең-байтақ жеріміздің бүтіндігін ойлаған Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Мұның өзі – бес қаруын асынып, болашақта осынау әскери кеменің даңқын асыратын теңізшілеріміз үшін зор мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Елбасы алдындағы абыройлы парыз, ел алдындағы баянды борыш!», — деп тоқталды. «Өз басым Сіздердің бұл міндеттің үдесінен шығып, Өздеріңізге тапсырылған осы Жалауды биік ұстайтындарыңызға сенімдімін. Ендеше барша әскери теңізшілерді, осы «Сарыарқа» кемесін жасаған отандық «Зенит» зауытының бүгінгі мерейлі сәтпен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, әскери қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін.», — деді ол. Әскери-теңіз базасының жеке құрамы Ақтау қаласы теңіз портының № 7 тұрағында сап түзеді. Салтанатты рәсімге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оқушылар мен студенттер, әскери бөлімдердің жеке құрамы қатысты. Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» — Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласының «Зенит» зауытында құрастырылған зымырандық-артиллериялық кеме. Кеме 2014 жылы суға түсірілген. Еліміздің теңіз шекарасын күзетуге арналған «Сарыарқа» кемесі ҚР Қарулы Күштерінің тапсырысы бойынша жасалған болатын. Кеменің су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында және ең жоғарғы жылдамдығы 25-30 узел, жүзу қашықтығы 1200 миль. Бұл кеме қазіргі заманғы зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен, навигациялық және штурмандық қондырғылармен, сондай-ақ қуатты байланыс құралдарымен жабдықталған. «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесіне ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің туын табыс ету салтанатты рәсімі шеңберінде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Амангельді Ғұмаров сөз сөйледі ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жұмыс сапары барысында авиациялық базаны, теңіз жаяу әскерлері бригадасын және әскери-теңіз базасын аралады.

ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АҚТАУ ГАРНИЗОНЫНДА БОЛДЫ  Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан Источник: http://mod.gov.kz/index.php?id=1759http://mod.gov.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсін
Next Article Ерболат Төлекұлы бокстан Моңғолия чемпионы атанды

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.