Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ
Жаңалықтар

ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ

27/01/20152
 Берік Бейсенұлы
Жер астында өркениет бар ма? Әрине, «жоқ» деп бірден жауап қайтарарыңыз ақиқат. Алайда, тылсым дүниенің сыры таусылған ба? Дүние уақыт ұзаған сайын алдыңыздан жұмбақ әрекетін жая түседі. Бірақ құпиясын аша қоймайтын тарих осынысымен қызық. 
1970 жылы аспан кеңістігінде ұшып жүрген америкалық жер серігі Сол­түстік полюстегі аумақтан таңға­лар­лық жерасты шұңқырын тапқан. Бұл не, шахтаға түсетін тесік пе, жоқ әлде, жер ойылып төмен түсті ме? Шамамен, жер астынан ұшақ ұшып шығатындай, тесік шұңқыр алайда, құпия сырын еш ашқан жоқ. Мамандар тексерді, мың­даған сынақ жүргізілді. Бірақ мұның сыры беймәлім болып қала берді. Бү­гінгі күнге дейін ғалымдар пікірталасы толас тапқан жоқ, болжамдар әртүрлі, бірақ ортақ пікірге келген ешкімді көрмедік. Алайда, ғалымдарды бір-ақ нәрсе ортақтастырды: Бұл шұңқыр – тесік жерасты өркениетіне бастап апарар тура жол.

Әрине, жерасты өркениеті туралы әңгіме барлық халықтың ертегілерінде бар.

Жерасты патшалығы туралы әңгі­ме қазақ ертегілерінде өте көп. Елдің бәрі «Ертөстік» ертегісін білетін болар. Өзі бір төбе болған Ертөстік сегіз аға­сын іздеп жүріп, сан қилы қауіп-қа­терлерге басын тігеді. Ақыры жал­мауыз кемпірдің құрығына ілініп, жер­асты патшалығына түседі. Мұнда да қиындықтарға кезігеді. Жерасты пат­шалығында оған Көлтаусар, Жел­аяқ, Тыңшы, Таусоғар сынды жана­шыр достары кезігеді. Жер бетіне шы­­ғады. Сүйгеніне қосылады. Ақыры мақ­сат-мұратына жетеді. Үнді ерте­гілерінде Көк құдайына қарама-қарсы өрке­ниет­те өмір сүретін жерасты патша­лығы бар. Мұны жұмақ дерсіз. Ал­тын­мен апталған, қымбат, лағыл, жауһар тас­тары көп, жұмақ жерасты патша­лығы туралы айтылғанымен, мұның құпиясын ешкім аша алған жоқ. Пікір болжамдар мен долбарға ғана құрылып келеді.

1976 жылы Чехословакияның Кркшон деп аталатын жерасты шат­қалында қызғылықты сынақ жүргізілді. Оған әскери 12 адамды орналастырып, өзге өмірден оқшаулап тастады. Олар­ға бірнеше айға жетерлік тамақ-су, азық-түлік берілді. Үңгірде болып жатқан оқиғалардың барлығы да тың­далып, жасырын бейнекамараға түсі­ріліп отырды. Бірнеше ай өткен соң, үң­гірдегілер бір тосын құбылыстың орын алып жатқанын жер үстін­де­гі­лерге хабарлай бастады. Олармен түн­ге қарай біреулер сөйлесетін болған. Тіпті оларға басқа жерге көшу туралы ұсыныстар айтылған. Егер айтқан­да­рын тыңдамаса, қиын болатыны да ескертілген. Сынақтың басталғанына 173 күн өткенде жер бетіндегілер алаң­дай бастады, өйткені үңгірде жатқан­дармен байланыс үзіле бастаған. Ақы­ры бұл тосын жайтқа шыдай алмаған мамандар жер астындағы адамдарды сыртқа шығару үшін бейнекамерамен бірге бір топ зерттеушілерді түсірген. Ақыры не болды дейсіз ғой? Үңгірге түс­кен уақытта жер астында дірілдеп, үрейі ұшып отырған сержантты кө­реді. Қалғандары ұшты-күйлі жоқ, жо­ғалып кеткен. Ал ауыр жүйке күйзелі­сіне ұшыраған әлгі сарбаз ештеңе айтып бере алмаған күйі өліп кеткен. Тек сұқ саусағымен жер астын ғана көрсете берген. Бұл тылсым сырдың құпиясы әлі күнге дейін ашылмай келеді. Үңгірде болған әскери 11 адам бас­қа жерасты өркениетіне көшіп кетті ме, әлде оларды еріксіз зорлап алып кетті ме? Мұны ешкі айта ал­май­ды, кәрі тарих қойнына сырын бүккен күйі қалды.

Ең алғаш рет жерасты өркениеті туралы болжам 1946 жылдан бастап айтыла бастады. Журналист-жазушы, ғалым Ричард Шейвер адамзатпен тіл­десетін, бірақ жұмбақ қалпында қала беретін бөгде планеталықтар туралы «Таңқаларлық оқиғалар» атты кітап жазды. Ол бірнеше апта жер астындағы үңгірде өмір сүріп, ертегілерде айты­латын аңыз кейіпкерлермен кездесіп, әңгімелескені туралы журналистік зерт­теу ретінде көлемді еңбек жаза­-ды. Енді бұл жайттың қаншалықты ақиқат екені белгісіз, дегенмен, бір аптадан соң редакцияға оқырман­дар­дан жүздеген хат келе бастайды. Бір қы­зығы, ондаған оқырмандар жерас­-ты өркениетінің барын растап, бастан кешкен, кезіккен таңқаларлық оқиға­лары туралы айта бастайды. Тіпті тыл­сым күш иелерінде жер үстін түгелдей бақылай алатын арнайы аппараттар бар екенін де жасырмайды. Жер бе­тіндегі тіршілік иелерін көзбен көріп отырған олар алайда, неге бізге көрі­ну­ге құлықсыз? Әрине, мұның сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Он жетінші ғасырда «біздік планетамыз – бос ке­ңістік, ақыл-ойы бар адамзаттан бас­қа мұнда ештеңе өмір сүріп келген емес» деп батыл болжам жасап кел­ген америкалық ғалым, астроном Эдмунд Галлейдің болжамының алайда, жүз жыл өткен соң күлі көкке ұшты.

Тіпті Үшінші рейх көсемі Гитлер де қырқыншы жылдардың басында жерас­ты өркениеті туралы аңызға ден қойып, әр жерге экспедиция аттан­дыра бастады. Тіпті құпия жағдайда арнайы экспедиция жасақталып, жер-асты өркениетін барынша зерттеуге тырысты. «Суасты өркениетінің қала­сы» болған Балтық теңізінің астына барлау жұмыстарын жүргізді. Бірақ бәрі де нәтижесіз аяқталды. Мүмкін, адамзатты қанға бояған Гитлер сол кез­дің өзінде-ақ жоғары дамып кеткен жерасты өркениетін жер бетіне пай­даланып, мәңгілік үстемдігін орнат­қысы келді ме екен? Мүмкін.

1963 жылы америкалық екі шах­тер Давид Феллин мен Генри Торн жерастына түсетін баспалдақтарды көрген. Бірнеше жыл өткен соң, ағыл­шынның екі зерттеушісі айдаладан осындай жерасты өткелі мен төмен тү­сетін баспалдақ барын айтқан. Олар тіпті әдемі плиталық мәрмәр тастан соғылған баспалдақтан жүз метрге дейін төмен түскен. Ары қарай адам­заттың тілінде емес, түсініксіз тілде сөй­­леген дауыстар шығып, олар қо­рық­қанынан жүрісін тоқтатып, тоқтап қалған. Олар үлкен аппараттың жа­нында тұрған бір көзді бірнеше адам­ды көрген. Осы кезде жер астындағы жұмыс істеп тұрған құрылғы-жаб­дықтардың дауысы бұрынғыдан да күшейе түскен. Әлгі біркөзділер бұ­лар­ды нұсқап көрсеткеннен кейін, олар жоғары қарай қашып жер бетіне шыққан. Бірнеше күннен кейін әлгі жерге бір топ зерттеушілермен келген кезде ештеңе таппай қалған. Төмен қарай түсетін баспалдақтар да жоқ. Жердің беті тып-типыл, тегістелген топырақтың да ізі білінбей қалған. Сон­да бұл не, өң бе, түс пе? Ақиқатын ешкім нақты айта алмайтын тылсым күштің сыры бүгінгі дейін құпия. Тағы бір мысал, осыдан оншақты жыл бұ­рын, яғни 2002 жылы Башқұртстан­-ның Шандар қаласынан табылған «Чувыров картасы» туралы әңгіме бү­кіл әлем ғалымдарының таңданысын тудырды. Ондаған ғасыр бұрын жа­сал­ған плиталық картада бүкіл әлемнің аумағы көрсетілген. Тіпті жерасты қа­ла­ларының да картасы сызылған. Де­мек, бұл карта балама әлемнің осы уақытта дейін өмір сүріп келгенін дә­лелдейді. Жарайды, жер бетіндегі тір­шілік иелері туралы мағлұматтар же­терлік дейік, алайда, неге осы уақытқа дейін жерасты өркениеті жайлы бол­жам аңызға бергісіз әңгіме күйінде қа­лып отыр?Америкалық ғалымдар жерасты қалаларының барын жоққа шығармайды, «бірақ ол – басқа әлем» екенін айтады. «Уақыт өте келе пла­нетаның электромагниттік аумағы ауысқан сәтте, жерасты тоннелі ашы­лады, ал қалған уақытта жабық күйін-де тұра береді».

…Адамдардың тоннель ашылған сәтте баспалдақтармен төмен түсіп, тосын оқиғаға тап болып, қайта зерт­теуге келгенде жер бетінің теп-тегіс күйінде сырын ішіне бүккен күйі жа­туында, мүмкін, осындай құпия жатқан шығар.

aikyn.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖАҺАНДА ЖАНТАЛАСА ҚАРУЛАНУ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ. НЕГЕ?
Next Article Кенесары ханның басын Батыс Сібірден іздеу керек… – Х.Әбжанов

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.