АҚШ-тың Нью-Мексико штаты Альбукерке қаласындағы қонақ үйлердің бірінде үш жасар бала бір оқпен ата-анасын жаралады.
Сәби анасының сөмкесінен айпод аламын деп тапаншаны алып шыққан. Шүріппені әкесіне қарата басып қалыпты. Ұшқан оқ ер азаматтың құйрығын тесіп өтіп, анасының қолына тиген. Жараланған әйелдің құрсағында 8 айлық шарана болған деп жазады BBC News. Абырой болғанда бөлмеде болған екі жасар қыз дін-аман. Ал, ерлі-зайыптылар ем қабылдап болған соң үйлеріне қайта оралатын болады.
baq.kz


