Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Қазақстандық «шоу-бизнес» өкілдерінің хоббиі қандай?
Жаңалықтар

Қазақстандық «шоу-бизнес» өкілдерінің хоббиі қандай?

04/02/20150

Қазақстандық

Қазақстандық «шоу-бизнес» өкілдерінің хоббиі қандай?

Әр қадамы халықтың бақылауында болатын өнер адамдарының қолынан тек ән айтып, би билеу, рөл ойнау, көлік жүргізу, тойға бару келеді десеңіз қателесесіз. Қазақ өнерінде жүрген қыз-жігіттердің әрқайсысының өздері сүйіп айналысатын ермектері бар. Әрине, шоу-бизнесте жақсы көретін ісіңмен айналысуға уақыт табу қиынның қиыны. Дегенмен біздегі шоу-бизнес өкілдерінің де хоббилары көпшілік үшін өте қызық. 

Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың сүйікті ісі – кептер асырау. Кірпияз, таза кептердей құсты бағудан әншінің жаны рахатқа бөленеді екен.

Тоқтар Серік

Абай Бегей, Рамазан Стамғазиев, Тоқтар Серіков сынды жігіттер атқа мініп, саятшылық құрғанды ұнатады. Жалпы қазақ өнеріндегі жігіттердің көбі жылқы баптайды, аңшылықты жақсы көреді. Сондай-ақ әнші-термеші Айгүл Елшібаева, Тамара Асар, Ердос Қанаев сынды өнерлі қыз-жігіттерде жылқыға құмар жандардың қатарында.

Айгүл Елшібаева

Айдана Меденованың бойында әншіліктен басқа суретшілік өнер бар екен. Ол суретті тамаша салады, киім тігеді. Өзінің сахналық киімдерінің сызбасын өзі әзірлейді.

Меруерт Түсіпбаева, Ерке Есмахан сынды арулар спортты жанындай сүйеді екен. Олар фитнес-клубтарға үзбей барады. Меруерттің айтуынша, сұлу болу үшін ең алдымен спортқа жақын болу керек. Сондай-ақ Меруерт ханым қыста сырғанаққа барғанды, жазда ролик тепкенді ұнатады екен.

Абай Бегей

Айнұр Тұрсынбаева ас әзірлеудің шебері. Ас үйде өзін нағыз кәсіби аспаз секілді сезінетін айтыскер ақын әзірлеген тағамдар бал татитынын оның әріптестері, құрбылары жарыса айтады.

Нұрлан Еспановтың ең сүйікті ісі моншаға бару екен. Әнші, сазгер жігіт тіпті аптасына үш рет моншаға барудан жалықпайды екен.

Тамара Асар

Өзі гүлдей сұлу Қарақаттың сүйікті ісі – гүл өсіру. Әсемдікті жаны сүйетін қазақтың еліктей ерке қызы гүл өсіруді анасынан үйреніпті. Күміс көмей әншінің үйінде қысы-жазы гүлдің түр-түрі жайқалып тұрады. Сондай-ақ гүл өсіруді жақсы көретін өнер иелерінің қатарында белгілі әнші Жеңіс Ысқақова да бар.

Меруерт Түсіпбаева

Аружан Жазылбекова саяхаттағанды ұнатады. Ол өзінің инстаграм парақшасында түрлі елдерді саяхаттаған кезіндегі суреттерімен жиі бөлісіп отырады. Сондай-ақ актриса йогамен айналысады.

Сырым Қашқабаев киноға түсуден, театрдағы қойылымдардан бос уақытында тауға шыққанды және балыққа барғанды жақсы көреді екен.

Айдана Меденова

Дастан Оразбаев, Бағлан Әбдірайымов секілді сері жігіттер спортты жандарына серік еткен. Олар белгілі дәрежеде күреспен айналысады.

Автор: Айнұр Нұрсабет

Alashainasy.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҒАЛЫМ БОҚАШ:«БАРДЫ ЖОҒАЛТЫП, ЖОҚТАН БАР ЖАСАУ МӘСЕЛЕНІ ШЕШПЕЙДІ»
Next Article ӘБІЛ-СЕРІК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ. ТӘҢІР ТЕКТІ ТҮРКІЛЕР

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.