Қантар айында «Қазпочта» АҚ Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арнап пошталық марка шығарды.
Жерін жаудан, елің даудан қорғаған Ер Жәнібек батыр, жонғарларға қарсы азаттық соғысында хан Абылайдың қасынын табылған. Бөгенбай, Қабанбай, Еспенбет, Ақпантай батырлармен бірнеше шайқасқа қатысып көзге түскен.18 ғасырдың екінші жартысында қырылған жонғардан босаған жеріне 15 мыңнан артык түтің Абақ Керей елің көшіріп апарады. Кәзір сол көштін ұрпақтары Қытайда миллионға жуық, Монғолияда 100 мыңдай, Түркиямен Еуропада 20 мыңнан астам ел болып отыр. 2014 жылы батыр бабамыздың 300 жылдығы Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Балқаш қалаларында, Жарма ауданында, Түркияда, Еуропада (Берлин), Қытайда және Монғолияда аталып өтті.


