Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Қазақтар ғаламшардың ең әдемi халқы деп танылды
Қоғам

Қазақтар ғаламшардың ең әдемi халқы деп танылды

07/02/20150

АҚШ-тың Ұлттық географиялық қоғамы 200-ге тарта мемлекетті нысанаға алып, әр елдің тұрғындарының суреттерін сарапқа салып, қазақстандықтарды ғаламшардың ең әдемi халқы деп таныған. 


Зерттеу тобының төрағасы Даллес Скули: «Бұл – сирек кездесетін тәжірибе. Өйткені фотосуреттерді танымал желі Facebook-тегі қарапайым халық бағалады. Сондықтан да біз халықтың борандай ұйытқыған бағасының астында қалдық. Олардың бағалары да әртүрлі болып отырды. Бір суретті біреулері «тартымды», «жағымды» десе, енді біреулері тіпті «қатардағы», «жағымсыз» деп бағалап жатады» деп жауап беріпті.Сарапшылар Астана мен Алматыдан түсірілген 100-ге жуық фотосуретті назарға алған екен. Сонымен қатар ғаламтор арқылы бұл сауалнамаға қатысқан әлемнің 3000-ға жуық тұрғынының басым бөлігі қазақтарды ең сұлу ұлт деп тапты.

Зерттеу бойынша 4,67 коэффициентті дауыс жинаған қазақтар көш бастап, 4,63 коэффициентпен бразилиялықтар екінші орынға жайғасқан. Одан кейінгі орындарды 4,11 коэффициентпен кубалықтар, 4,02 коэффициентпен итальялықтар, 4,02 коэффициентпен испандықтар бөліскен. Отандастарымыздың көркі Жаңа Гвинея тұрғындары мен Еуроодақ елдерін қатты тамсандырса керек. Азияның оңтүстік шығысындағы елдер де жерлестеріміздің әдемілігін мойындап, интернетке өз үндерін қосқан.

Қазақтың жеті ата ауыспай қыз алып, қыз беруге тыйым салған дала заңына бүкіл әлем таңдана, таңғала қарады.

Шамасы кел­ген­дері қазақтың қызының құлағына сырға салып, әлемдегі ең «само­род­ный» таза қан арқылы тұқымы­ның көшін түзетіп алғысы келді. Мысалы, АҚШ-тағы таралымы әжептәуір орыс тілінде шығатын «Новый мир» газетінде Брук Смит деген АҚШ азаматы 2012 жылғы қыркүйек айындағы нөмірінде жалғыз ұлының 1996 жылы қазақ қызына үйленгенін былай деп су­реттейді.

«Мен қазақ деген ұлт жай­лы бұрын естімеппін. Келі­нім­нің өтінішімен Қазақстанға ба­рып қайттық. Маған қазақтар шетінен бір-біріне қатты ұқсайтын сұлу ұлт болып көрінді. Қазір екі немерем бар. Немерелерімнің біреуінің атын қазақтардың құрметіне Ка­мил­ла деп қойдық».

Одан әрі Брук Смит немерелерінің америкалық ұлтқа ұқсамайтынын және мұндай «құдалықтар жалғаса берсе, алдағы жылдарда АҚШ-тың жаңа тұрпат­ты азаматтары пайда болатынын айтып, оқырманын қуанышымен бөлісуге асыққан.

Мұхиттың арғы жағындағы аза­матшаның біздің қазақтарға деген ала-бөтен ықыласының аста­ры бар. Себебі қазақтың сыр-сымбаты кеше де, бүгін де әлемде талай мен дегендердің көзінің жау­ын алды. Күні кеше ғана өзі­міздің Сәбина Алтынбекова 1,5 млрд қытайды таңғалдырса, сол Қытайда тағы бір қандасымыз қа­лың елді мойындатты.

Қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің пайымдауынша, қазақ ұлтының сұлулығының тол­ған айдай толықси түсуіне тәуелсіз қазақ елінің азаматы атандық де­ген көңіл күй, заманауи косме­тика әсер етті.

Дегенмен қазаққа ғана тән сұлулыққа ел ішінде де, сырт­тан да төніп тұрған қауіп бұрын­ғыға қарағанда еселеніп кетті. Соңғы 20 жылда алыс-жа­қын ше­тел­дерге 20 мың баламыз­дың саты­лып кеткені де, қазақ қызда­рының шетелдіктермен бас қосып жатқаны да біздің қаны­мызға әсер етпейді.

Себебі олар­дың қазақ­ты­ғы өздерімен бітетін топ, олардан туған толқын ешқа­шан қазақ бо­лып саналмайды. Ең басты – қауіп өз ішімізде. Бірінші қауіп – ба­лалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар. Олардың аты-жөні қазақ­ша болғанмен, оның за­тын, руын түгендеп жатқан еш­кім жоқ.

Қазақтың генетикалық кодын анықтауға талпынып жүрген жас ғалым Жаңабек Жақсығалиев 1989 жылы ұлттың генетикалық кодын анықтаумен айналысатын кәріс ғалымдары дүниежүзіндегі ең таза қан – қазақтарда. Олар жеті ата ауыспай бір-бірімен қыз алыс­пайды деген тұжырымға келген» деген ойды алға тартады.

Біздің генетикалық кодымыз жеті ата ауыспай қыз алып, қыз бермеуді аманаттап кет­кен бабаларымыздың заңымен бай­­ла­нысты ма деп қаламын

Ал белгілі ғалым Тұрсын Жұртбай бекзада­лық­тың, мырзалықтың, шексіз өк­темдіктің, бақ-дәулеттің ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өздерін ерекше жаратылған тұқым есебінде мара­пат­тайтын «қаракөктің» баламасы өзге ұлтта да ұшырасатынын айта­ды.

«Қазақтардың генетикалық портретінің 55-60 пайызы шығы­с­а­зиялық популяцияға жатады. Бұл Сібір мен Моңғолия. Ал 15-20 пайызы еуропалық, 15-17 пайызы Таяу Шығыс пен Орталық Азия популяциясына жатады. Бұл қа­зақ­тың соңғы үш ғасырдағы бей­несі. Бірақ соған қарамастан, бүкіл әлемнің назары қазақтың қанына ауып отыр. Біздің генетикалық кодымыз жеті ата ауыспай қыз алып, қыз бермеуді аманаттап кет­кен бабаларымыздың заңымен бай­­ла­нысты ма деп қаламын», – дейді Нұрбол Байма­ханов.

Демек, қазақтың генетикалық қоды әлемде ешбір ұлтқа ұқса­май­ды. Бұл әлемдегі сұлулық, әдемілік атауы қазақтың қанынан күш алып тұр.

aikyn.kz

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қазпочта» АҚ Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арнап пошталық марка шығарды.
Next Article Батыстың Украинаға әскери көмегін қолдаушылар мен қарсылар

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.