Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Жаңалықтар»Батыстың Украинаға әскери көмегін қолдаушылар мен қарсылар
Жаңалықтар

Батыстың Украинаға әскери көмегін қолдаушылар мен қарсылар

07/02/20150

 Украинаның шығысындағы жағдай ушығып әрі Еуропа одағы басшыларының Ресеймен келіссөзі нәтиже бермей жатқан тұста батыс сарапшылары Украинаға әскери көмек көрсетудің пайдасы мен зиянын бағалайды. 

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен (соддан оңға) кездесіп отыр. Мәскеу, 6 ақпан 2014 жыл.

Ақпанның 6-сы күні Ұлыбританияның Guardian газеті «жұма күні Мәскеуде Ресей, Германия және Франция елдерінің Украинадағы шиеленісті реттеу жолдарын талқылауға арналған келіссөзі нәтижесіз аяқталды» деп жазды. Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде бірнеше сағат өткізген Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуден комментарий бермей аттанып кетті.

Guardian басылымы «Германия үкіметі өкілінің айтуынша, қыркүйекте Минскіде қабылданған бітім шарттары негізінде бірлескен құжат әзірлеу келісіміне қол жеткен» деп жазады. Еуропа дипломаттарының айтуынша, Владимир Путин Минск келісімін жаңғыртуды ұсынған, бірақ ол атысты сепаратистер бақылауындағы жаңа территорияларды ескеріп тоқтатуды талап еткен. Газеттің жазуынша, Киев бұл ұсыныстан бас тартқан.

ҚАРУ-ЖАРАҚПЕН КӨМЕКТЕСУ МҮМКІН БЕ?

Guardian басылымының жазуынша, Украина үкіметі батыс елдерінен көмек сұраған соң Батыс қару-жарақпен көмектесу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Американың Washington Post газеті ақпанның 6-ында жариялаған «Украина армиясына көмек Путинді аймақтық соғысқа итермелеуі мүмкін бе?» деген мақаласында кейбір Батыс сарапшыларының Украинаға әскери көмек көрсету «АҚШ пен ядролық держава Ресейдің арасын қайта ушықтырады» деген пікірін келтірген.

Америкалық сарапшылар арасында Украина армиясына көмек көрсету арқылы сепаратистер мен Ресей сарбаздарын көбірек шығынға ұшыратып, Ресей президентін келіссөз бастауға мәжбүрлеуге болады деп санайтындар бар. Ал кейбір сарапшылар Путиннің Шешенстан мен Грузиядағы соғысын еске салып, мұндай жоспар бүкіл аймаққа қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді. Washington Post басылымының жазуынша, Батыс елдері Украина армиясына қару-жарақ берсе, Владимир Путин Украинаға басқыншылығын «орыс ұлтының мүддесін қорғау» деген уәжімен нығайта түседі. Ресейдің Украинадағы соғыс құрбандары текке шейіт болмағанына ресейліктерді иландыру үшін ол қолдан келгеннің бәрін жасайтынын оның бұған дейінгі әрекеттері дәлелдеген.

Ақпанның 6-сы күні америкалық CNN телеарнасына берген сұхбатында демократиялық партия өкілі Адам Шиф «Путинді күш көрсету арқылы ғана тоқтатуға болады» дейді. CNN «АҚШ Украинаны қаруландырса, Путин не істей алады?» деген мақаласында республикалық партиядан сайланған сенатор Келли Айоттың «Украинаға көмектесетін уақыт жетті» деп мәлімдегенін жазады.

Огайо университетінің Ресей және НАТО жөніндегі сарапшысы Шон Кей CNN телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Украинаға көрсеткен әскери көмегінен нәтиже шыққанша алты айдан бір жылға дейін уақыт өтуі мүмкін екенін айтады. Владимир Путин батыс Украинаға қару-жарақ келіп жатқанын көрсе, алты ай мұрсатты пайдалану үшін жағдайды күрт ушықтырып жіберуі мүмкін дейді Шон Кей.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақтар ғаламшардың ең әдемi халқы деп танылды
Next Article Ресей президентінің «дерттері»

Оқи отырыңыз...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

15/10/20262

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

15/10/20262

Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

04/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.